Внеклассная по воспитательной работе Наурыз(7класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тақырыбы:Қош келдің,әз Наурыз!

Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Түрі:сұрақ-жауап

Кіріспе

Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.

Мұғалім «Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз

Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.

Мұғалім: Наурыз неге жыл басы?

Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім жылдың шартты түрде үш үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр көктем, маусым, шілде, тамыз жаз, қыркүйек, қазан, қараша күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Көктем наурыздың 22-інен, жаз маусымның 22-інен, күз қыркүйектің 23-інен, қыс желтоқсанның 23-інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді.

Мұғалім: Наурызды кім қалай тойлаған?

Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:

Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.

Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.

Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.

Ескі киімдерін тастаған.

Ескірген шыны аяқты сындырған.

Бір-біріне гүл сыйлаған.

Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған.

Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.

Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.

Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған

Мұғалім: Наурыз атаулары, Наурыз көже./Бейнебаян/

Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы

Ұлттық ойындар ойнау

Сондай- ақ, Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне тілек білдірген:

Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын!

Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!

Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын соңынан!

Бақ берсін, Қыдырдарысын!

Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

Қорытынды

Еңбекші қазақ елі тарихи мейрамдарының Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер.Жаңа жылға жаңа тілек,игі үмітпен шығуымыз керек деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.