Технология (8 класс) Құрақ түрлерін таныстыру. Құрақ құрау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы : Құрақ түрлерін таныстыру. Құрақ құрау


Сүлейменова Бақшагүл Балтиновна,

технология пәні мұғалімі,

Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебі,

Қарағанды қаласы


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды құрақ түрлерін, шығу тарихын және құрақ құрау элементінің үлгісін дайындау, жасалу технологиясын үйрету

Дамытушылық: Құрақ құрауға геометриялық фигураларды пайдалана білуге және оларды түрлендіруге өздігінен ойлау қабілетін дамыту

 Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу. Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап:түсіндірмелі, интерактивті тақтамен жұмыс , сарамандық, СТО технологиясы

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, құрақ түрлері, нұсқау картасы, қажетті мата түрлері

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: құрақтар,ине,жіп,қайшы,сызғыштар,

материалдар /мата қиындылары/ .

 Пән аралық байланыс: тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу, математика.
 
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылармен сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Сабаққа даярлығын байқау;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: ( сұрақ қою арқылы)

1-топ.

1. Бөлмені жиһаздаудағы барлық уақытта ескеретін  «Алтын қағида»

2. Жиһаз сатып алмастан бұрын нені ескереміз?

3.Түстердің адам өміріндегі маңызы.

4.Сары, қызғылт, қызыл түстердің ерекшелігі.

5.Бөлменің  төбесі қандай түспен боялған дұрыс.

2-топ

1.Қазіргі заманғы  пәтерлердегі жарықтандырудың  мәселесін шешудің  неше жолы бар?

2.Жалпы жарықтандыру қандай болу керек?

3.Жергілікті жарықтандыру қайда, қалай орнатылады?

4.Балалар бөлмесінде қандай шамдарды пайдалану ыңғайлы?

5.Ас үйдегі жергілікті жарық қандай болу керек?

Әр топ үй жиһаздары бойынша дайындаған шығармашылық жобаларын қорғайды. (буклет, слайд бойынша)

Қазіргі заманға сай үй жиһаздарын жабдықтау мәдениетімен таныстық

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Ой шақыру”

Құрақ туралы не білесің?

Құрақ дегеніміз не?

Мағынаны тану”

Қазақ халқының қолөнерінің ең көп тараған түрі – құрақ. Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын ұй бұйымының бірі. . Құрақ құрау ертеден келе жатқан өнердің түрі. Әжелеріміз мата қалдықтарын қалдырмай іске асырып жаратып отырған. Әр халық өзінен тән өнері, тілі, яғни сөз өнері және қолөнерімен ерекше, сол қолөнерінің бірі құрақ құрау әдісі. Қазақтың қлөнерінің өмірге келуі, халықпен оның көшпелі өмірімен тығыз байланысты. ҮІІ-ҮІІІ ғасырда үйшілік, ұсатлық, ХҮІІІ ғасырды зергелік, ХҮІІІ-ХХ ғасырда өрімшілік, тігіншілік, етікшілік т.б пайда болды.

Орыс тілінде құрақ құрау өнерін “Ласкутное шитье” немесе “Мозайка” деп атайды. Орыс халқының құрақ құрау өнері өте ерте заманнан келе жатыр. Шығыста , Мысырда, Каир төңірегінде үш мың жыл бұрын тігілген құрақ бұйымдар табылған. Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері “Пэчворк” және “квилт” деп аталады. Жапон халқында құрақ “сашико” деп аталады. Америкада да әр түрлі ұлт өкілдері тұрғандықтан құрақ құрау өнері пайда болған.

Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар бірінші көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десе, екіншіден мата қиындылардан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200-ден аса түрі бар Соның ішінде мына түрлері ел ішінде көп тараған. (интерактивті тақтадан көрсету)

Құрақты тек төсеніш ретінде ғана емес, сонымен бірге сәндік үшін жастық бетіне , қолдорба, түскиіз, аяққап, сандық жапқыш, көрпеге құрақ құрап салған. Қазіргі кезде құрақтан жастықтың тыстары, жейде, сүлгі, орындыққа, төсеніш жасауға болады. (слайд 2)

Құрақты жасамас бұрын ең бірінші түстердің үйлесімділігі, екіншіден мата бөлшектерінің симетриялы болуын ескеру қажет. Яғни қолданылатын түстерді екі топқа бөлеміз жылы және суық түстер деп бөлеміз. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер дейді. Олар қызық-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б. Құрақ сәнді, сұлу болу үшін әр түсті белгілі бір ретпен, тәртіппен орналастыру қажет. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады.

Құрақ құрауда геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, алты бұрыш, ромбы жасай отырып біріктірілген және бірнеше рет қайталау арқылы кездеседі.

Дәптермен жұмыс (тақырыбын жаздыру)

Қазақ тілінде құрақ құрау өнері - құрақ

Орыс тілінде құрақ құрау өнері - лоскутное шитье

Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері - пэчворк

Жапон тілінде құрақ құрау өнері - сашико

Сергіту сәті. «Мақал-сөздің мәйегі»

  • Өнерді қызықпасаң көре алмайсың,

Таспаны үйренбесең өре алмайсың

  • Өнерлі болу-зейнет, өнерсіз болу бейнет

  • Ердің атын еңбек шығарады

  • Жеті рет өлшеп, бір рет кес

  • Өнер іздеген өсер, өсек іздеген өшер.

  • Ата көрген оқ жонар,

  • Ана көрген тон пішер.

  • Шебердің қолы алтын

  • Асыл қайшы пішуге сән,

Күміс қасық ішуге сән.

Қауіпсіздік ережесі.

    • Инені киімге қыстыруға болмайды.

    • Иненің жібін тіспен үзуге болмайды.

    • Инені жіпсіз тастауға болмайды.

    • Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

    • Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

    • Үтікті мұғалімнің рұқсатынсыз тоққа қосуға болмайды.

    • Үтікті мата түріне қарай қыздыру қажет.

    • Үтікті арнайы тұтқасынан ұста.

    • Инені ине қадағышқа шаншы.

    • Қайшыны ашық тастама.

ІҮ. Сарамандық жұмыс.

Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын, алдымен компьютерде Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу. Екі топтан бір-бір оқушы шығарып құрақ үлгісін салдыру. Осы салған құрағың қалай аталады:

Ендеше бірінші топтың аты “----------------------------”

Екінші топтың аты “--------------------------”

Енді, қазір қағаздан құрақты құрауды үйренеміз. Ол үшін жобасын сызамыз. Жоба бойынша геометриялық пішімдерді түрлі түсті қағаздан қиямыз. Картон бетіне түстер үйлесімдерін келтіріп желімдеу. (құрақ құрау технологиясынның дайындау ретін ұсыну)

Ү. Жаңа сабақты бекіту. “Ой қорыту”

1. Құрақ дегеніміз не?

2. Қазіргі кезде қайда қолданылады?

3.Жапон тілінде құрақты қалай атайды?

4.Ағылшын тілінде құрақты қалай атайды?

5. Орыс тілінде қалай аталады?

6. Қандай геометриялық фигуралар құралады?

І [pic] [pic] згілендіру диаграммасы

[pic]







ҮІ. Үйге тапсырма:

40 х 40 см үш түрлі мата, құрал-жабдықтарды әкелу.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау


[pic]








[pic]




[pic]