Ашық сабақ Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: Өзін-өзі тану

Күні:10.02.2016ж

Сынып:6 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту; Оқушылардың табиғаттың тұтастығы туралы ұғымдарын кеңейту, оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету; табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:

Слайд,плакат,интербелсенді тақта

Мұғалім:

Жакупова К.К



Сабақ бөлімі



Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушылардың әрекеті

Тыныштық сәті

5- мин

-Құрметті қонақтар, оқушылар сәлеметсіздерме!Бүгінгі сабақта біз өткен сабақтың тақырыбын «Мөлдір бұлақ- жасыл құрақ» жалғастырамыз. Сабақты бастамас бұрын біз топқа бөлініп алайық:

оқушыларды үш топқа бөлемін.

Кең дала көркемсің, сонау жатқан,

Өзен, су, бұлақтарың мөлдір аққан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені тапқан. – деп, жайланып отырып, ойға беріліп, өзіміздің туған елімізді, өскен жерімізді шарлап шығайық. Біздің жерімізде де табиғаттың әдемілігі,көркемдігі бар деуге болады. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында

«Өз елімнің табиғаты!» бейнеролик көрсету

Сәлемдеседі.

Жемістер арқылы үш топқа бөлінеді:

І. «Денсаулық»

ІІ. «Тазалық»

ІІІ. «Дәрумен»

Оқушылар сабаққа зейін аударады.

Үй тапсырмасы

2-мин

«Табиғатым-тал бесігім» тақырыбында сурет салу

Сурет көрмесін ұйымдастыру.

Оқушылар суреттерін тақтағы іледі. Сурет көрмесін ұйымдастырады

Дәйексөз

6-мин

Ұяшықтардан шыққан әріптерден нақыл сөз немесе мақал-мәтел айтады. Сабақтың дәйексөзі шығады.

Фариза Онғарсынованың сөзі:

«Таза болса табиғат ,Аман болар адамзат!». Дәптерге жазып, мағынасын шешіп шығайық. 

Әр ұяшықтан бір әріп таңдап,сабақтың дәйексөзін шығарады. Оқушылар дәйексөзді оқиды.Өзіндік көзқарасын айтады.

Сахналау

6-мин

Тақырыпты ашу мақсатында «Табиғат мұңы» көрінісін қою.

-Бұл сөйлеп тұрған кім деп ойлайсыңдар?

- Табиғатқа нелер жатады?

- Олай болса балалар,бүгінгі біздің сабағымыз өзіміз өмір сүріп отырған ғаламшарымыз.Оның табиғаты,ондағы адамдар әрекеті,яғни біздің табиғатқа қатысымыз туралы болмақ. Сондықтан да «Таза болса табиғат,аман болар адамзат» деп бекер айтылмаса керек.

Оқушылар көрініс көрсетеді

Тапсырма

5-мин

«Ғажайып үштік» сұрақтары. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Төмендегі үш тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі.

І. Ынтымақ

ІІ. Жанашырлық

ІІІ. Табиғат

Үштік бойынша біреуін таңдап, ұяшықтағы сауалдарға өзіндік ойларын айтады

Шығармашылық жұмыс

Бейнеролик көрсету

10-мин

«Табиғатты аялайық!» атты бейнеролик көрсету.


Оқушылар көріп ,

тыңдайды.Видеоролик бойынша ойларын топтар постер арқылы қорғайды.

Қорытынды жасайды.


Үйге тапсырма

2-мин

Дәптердегі

4-тапсырма

Жойылып, құрып кету қаупі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазыңдар

5- тапсырма

«Табиғатты қорғау және сақтау» жобасын жасап,жария етіңдер.

6-тапсырма

Табиғатқа байланысты айтылған тыйым сөздерді жазыңдар.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады




Қорытынды

Ой түйіндеу

Рефлексия

Кері байланыс

6-мин

Сабақты қорытындылап, ой түйіндеу мақсатында «Жақсылық ағашы» суретіне қарап түйіндеме жасалады.

Ағашта өсіп тұрған алмалардағы сөздерді пайдаланып тақырыпқа байланысты ой түйіндейді. Мыс: Табиғат – құтты қонысымыз.

[pic]









INSERT тәсілі арқылы сабаққа талдау жасап, кері байланыс жүргізіледі.

Оқушыларға стикер таратылады.

Ал, балалар тілегімізді жазып,алма ағашына ілейік.

Оқушылар алма ағашындағы сөздерді пайдаланып, ой түйіндейді.

Тілектерін алма ағашына іледі.
























Жүректен жүрекке

3-мин

Е.Қасанғалиевтің «Атамекен» әнін бірге айтып сабақты аяқтаймыз


Оқушылар «Атамекен» әнін барлығы бірге айтады






Тексерілді_______________________________________



















[pic]