СЫР МЕН СЫМБАТ тақырыбында сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың  тақырыбы : Сыр мен сымбат

7 сынып Өзін-өзі тану

Сабақтың мақсаты : оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде  адамның  сыртқы ортаға  қатынасының  үндестігі  туралы  түсінік беру.

Міндеттері :

Оқушыларды сұлулықты сезінуге, аялап, қорғай білцге шақыру,

Оқушыларды жалпы сұлулықты  дұрыс түсіне  білуге тәрбиелеу. 

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- оқушылармен амандасу;

- оқушыларды  түгендеу;

- сынып ішінде психологиялық ахуал туғызу;

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену

Мәтінмен жұмыс :  «Тәңірісі  сұлулықтың марал деген»

Оқу ақпараты:  Сыртқы және ішкі сұлулық жайлы  жаңа ақпаратпен оқып танысу

 Дәйексөз : мағынасын түсіндіріп, мұғалім оқушыларға  рухани саулықтың  қоршаған ортаға  қатысты екендігін  түсіндіреді.

Шығармашылық жұмыс :  Қанипа Бұғыбаеваның  «Сұлу Күләш»  өлеңін оқи отырып,  өлеңде айтылған адам сұлулығы мен табиғат сұлулығының  үндестігін табу.

Сахналау : «Сұлулықпен сырласу»  рөлге  бөліп оқу

Дәптермен жұмыс : М.Жұмабаевтың «Сен сұлу»  өлеңін  оқи отырып,  өлең мазмұнына сәйкес табиғаттағы сұлулық туралы  өз пікірлеріңді  дәптерге  түсіріңдер.

Жүректен-жүрекке : сабақ соңында оқушылар мұғаліммен қосылып,  берілген  «Алтыным» әнін орындайды.