ҚМЖ математика Математикалық сауаттылыққа есептер шығару 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні: 19.05.2016ж

Мұғалімі: Санаева С.С

Сыныбы: 6 «А»

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Математикалық сауаттылығына есептерді шығару

Мақсаты: PISA халықаралық зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығына байланыста есептерді, логикалық есептерді үйрету. Оқушыларда есеп шығару қабілеттерін дамыту. Есеп мәтінін сараптау және есеп сұрағына байланысты амалдар белгісін таңдау қабілеттерін қалыптастыру.

Оқыту нәтижесі: Топта сыйластық, іскерлік атмосферасы орнығады, бір-біріне көмек береді.Сыни ойлаудың стратегияларын меңгереді.

Қолданылған модуль: Сыни ойлату , диалог, деңгейлеп дамыта оқыту, акт технологияларының элеметтер, дарынды балаларды анықтау әдістері.

Уақыты

Мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті:

не істеймін?


Оқушылардың

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар:

осы іс-әрекеттер үшін маған қандай құралдар,кітаптар,

компьютерлік жабдықтар және т.б қажет?


Сабаққа басты назарын аудару..

Амандасу, психалогиялық ахуал туғызу.

«Шаттық шеңберін» құру. Бір- бірімізге жақсы күй сыйлау.

Бір, екі, үш

Сынып іші тып – тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз!

Тәттілер арқылы 2- 3 топқа бөлу

Оқушылар сәлемдесіп, бір –біріне жақсы күй сыйлайды.


Сыныпты екі- үш топқа бөлінеді

«Жақсы, жарайсыңдар!»

деген қолпаштау сөздер айтылады








Оқушыларды сабаққа бағыттау үшін ең алдымен миға шабуыл тәсілін қолданып бар назарларын сабаққа аударып аламын.


Миға шабуыл стратегиясы сұрақтар беріледі

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді













«Өте жақсы» деген қолпаштау сөзін қолдану арқылы формативті, шариктер арқылы бағалау





Интербелсенді тақта


Шариктер, смайликтер












Негізгі бөлім

Джигсо стратегиясы бойынша топпен жұмыс кезеңі.


1 топқа

1 ЕДЕНГЕ ЖАСАЛАТЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ



2 топқа

2 ТАУЫҚ ПЕН ҚОЯН



3 топқа

3. КОНЦЕРТКЕ БИЛЕТТЕР





Әр топ берілген есептерді талдап, постерға түсіреді және сол постерлерін қорғайды.


Кестелерді толтырады



Сұрақтарға диаграмма арқылы жауатар іздейді










Топтар өзара формативті бағалау жасайды



Сыни тұрғыдан ойлайды, өзгенің пікірін сыни тұрғыдан бағалап, қабылдай алады.











Таратпа тапсырмалар, А4 парағы, маркелер











Қорытынды бөлім

Рефлексия:





Бағалау




Үй тапсырмасы

Оқушылырға үш түрлі гүлдер таратылып беріледі. Сол арқылы

көк түс- барлығы түсінікті

сары түс – мен үшін жаңа ақпарат

қызыл түс- сұрағым бар


«3» – 3-4 шарик

«4» - 5-6 шарик

«5» – 7-9 шарик







Рефлекися жасай біледі, өз ойларын толық жеткізе алады





Өзін өзі реттейді, әрі өзіне баға береді.



Өз шамасын саралап, өзара формативті бағалау жүргізеді.













Смайликтер




Сабақтың барысы:

Оқушыларды сабаққа бағыттау үшін ең алдымен миға шабуыл тәсілін қолданып бар назарларын сабаққа аударып аламын.

Миға шабуыл

  1. Допты лақтарғанда доп сол ізімен қайтып келу үшін оны қалай лақтару керек?

( жоғары)

  1. Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағамыз?

( шырпы)

  1. Термометр аяз болғанда –30 градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? (30)

  2. Екі бала шахматы екі сағатта ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағаттан ойнады?

( 2 сағат)

  1. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? ( егер оны мұз етіп қатырса)

  2. Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? ( 3 адам)

  3. Үстел үстінде 3 стақан шие тұр. Марат шиені жеп қойды. Үстел үстінде неше стақан қалды? ( 3 )

  4. Көп бұрыш қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы. (периметр)

  5. Айдынның Асқардан бойыұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? ( Жанат)

  6. 1кг тас ауырма, 1 кг мақта ауырма? (тең)







Джигсо стратегиясы бойынша топпен жұмыс кезеңі. Әр топ берілген есептерді талдап, постерға түсіреді және сол постерлерін қорғайды.

1 ЕДЕНГЕ ЖАСАЛАТЫН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ

Шаршы тәріздес бөлменің еденін күрделі жөндеуден өткізу керек. Еденге қанша шаршы метр паркет және неше метр жиек ағаштарын (плинтус) қажет? (Есікті есепке алмаймыз) Бөлменің қабырғасы n метр.


Сұрақ 1.

Кестені толтыр:

Сұрақ 2. Паркеттің 1 шаршы метрі 1800 теңге, ал жиек ағаштың 1 метрі 350 теңге. Бөлменің еденін жөндеуге қанша қаражат жұмсалатынын есептеп, кестесін толтыр.

Жиек ағаштың құны 8*350=2800 паркет құны 4*1800=7200

Сұрақ 3.

Бөлменің периметрі мен ауданданының жалпы формулаларын жаз. Периметрі мен ауданданының тәуелділік түрін анықтап, қай өлшем тез өсетінің дәлелдеп бер.

P=2(a+b) S=a*b

Жиек ағаштың құны= Р*350тг Паркет құны= S*1800тг



2. Айнаш, Рүстем, Рая және Жәнібек мектеп концертіне билеттер сатты.

[pic]

1 - сұрақ Диаграммада әр баланың сатқан билеттер саны көрсетілген. Айнаш қанша билет сатса, екі бала сонша билет сатты. Олардың есімдерін жазыңыз.

 

Жауабы: _________________________ және ________________________

 

2- сұрақ Ең көп және аз билет сатқан, қанша билетке кем сатқан баланы анықта.

Жауабы: _________________________ және ________________________



3 ТАУЫҚ ПЕН ҚОЯН

[pic] Жауабы: 12 тауық, 6 қоян


Сабақты қорытындылау: Рефлексия


Бағалау: бағалау парағындағы қорытынды баға арқылы бағалау




Үй тапсырмасы: АЛМА АҒАШТАРЫ

Бағбан бақшада төмендегі суреттегідей шаршы түрінде алма ағаштарын отырғызады. Алма ағаштарын желден қорғау үшін шаршыны жиектей қылқан жапырақты ағаштарды отырғызады.

Төменгі суретте алма ағаштары мен қылқан жапырақты ағаштардың n мәніндегі отырғызу схемасы берілген. Мұңдағы n отырғызылған алма ағаштарының қатар саны. Бұл тізбекті n-нің кез келген мәнінде орындауға болады.






1 сұрақ. АЛМА АҒАШТАРЫ.

Кестені толтыр:





2 сұрақ. АЛМА АҒАШТАРЫ.

Жоғарыда көрсетілгендей тізбекте отырғызылған алма ағашы және қылқан ағаштарының саны келесі бейнемен саналады:

Алма ағашының саны = ,

Қылқан ағашының саны = ,

мұндағы n – алма ағашының қатарының саны.

Қандай мағына үшін алма ағашының n саны қылқанның ағашының айналасында отырғызылған ағаштар санына тең болады?

Жауабын жазыңыз __________________________________________________________


3-СҰРАҚ. АЛМА АҒАШЫ

Фермер өз жер теліміне алма ағаштарының қатар санын көбейтуге шешті деп болжайық. Бұл ретте қай ағаштың саны тезірек көбейеді: алма ағашының саны немесе қылқан тал-шыбығының саны?

Өз жауабыңызды түсіндіріп жазыңыз.



БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ