Ашық сабақ Сүйкімді қошақан

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Білім беру саласы: Шығармашылық.

Кіші сала: Сурет салу.

Тақырыбы: Қошақан.

Мақсаты: үй жануарларымен таныстыруды жалғастыру, геометриялық пішіндер арқылы және «жапырақ» тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып, қойдың суретін сала білуге үйрету.Қол қимылдарын ойлануға, қиялын дамытуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жануарлардың суреттері, Қойдың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері гуашь қылқалам су сүлгі үнтаспа баяу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: Жүн төлі

Педагог қой малын жалпы сипаттап, ерекшеліктерін айтады, әңгімелесу, сұрақ-жауап, әдістерімен балаларды толық жауап беруге дағдыланады.

Бой сергіту:

«Атауын естіп дыбысын сал»

Педагог бір түлкінің атауын айтады, балалар төрт түліктің қимылын дыбыстарын салады.

Ал балалар біз бүгін жануарлардың ішіндегі ең момыны қойдың суретін саламыз.

Балалар сөйлем құрап сөйлейді, анық жауап береді.







Төрт түліктің қимылын дыбыстарын салады.






-Дайын бейнені қылқаламен ретімен, бастырып, аяқтарын жүнін, құлағын, көздерін, аузын саламыз.

Қойды басқа бояумен бояғанан кейін қылқаламның басын қара гуашьқа малып алып, нүкте арқылы көзін тұмсығын жасайды.

Рефлекциялық- түзетушілік

Балалардың қандай жануардың суретін салғандарын сұрайды, мақтап-мадақтайды, ең әдемі суреттерді көрмеге іледі.

Балалар өз өздеріне баға береді.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: үй жануарларын салуды.

Түсінеді: Геометриялық пішіндер арқылы және «жапырақ» тәрізді бейнеге келтіру әдіс-тәсілін пайдаланып сурет салуды.

Қолданады: қол қимылдарын қиялын дамытуды.