Тесты на 11 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Бұл жұмыста мен пәнаралық байланыс туралы айтылуы. Физиканың басқа пәндермен байланыса отырып өткен сабақтардың тиімділігі туралы

Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдана отырып пәнаралық байланыс негізінде білім сапасын арттыру.

Мақсаты: 1. Физиканы оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс - тәсілдерін көрсету.
2.
Физиканы оқытуда пәнаралық байланысты қолданудың тиімділігін көрсету.
ХІХ ғасырда өмір сүрген белгілі шығыстанушы Әбубәкір Диваев былай деген екен: «Білімнің нұры себілмейінші, бірде - бір озық ел бола алмайды». Егемен Қазақстанның гүлденген өркениетті ел болуы, бүгінгі жастардың көзі ашық, білімді азамат болып жетілуіне байланысты.
Қазіргідей санның сапаға ауысуы кезеңінде, ұстаз алдында мынадай талап, міндеттер туындайды:
-
ұстаздың алдымен өзінің білімді болуы;
-
шәкірттерінен білімді талап етуші болуы;
-
білімді тыңдаушы болуы;
-
сонымен қатар білім жолындағыларды қолдаушы болуы.
Әр мұғалімнің алдындағы сәулелі мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланы шығармашылыққа шыңдау, баланың өзіне деген сенімін туғызу.
Жаңа формация мұғаліміруханиадамгершілігі, рефлекцияға қабілетті, ақпараттықкоммуникативтік, әлеуметтіктұлғалық және басқа да құзырлылықтары қалыптасқан, шығармашыл ұстаз.
Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі үдеріс. Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндердің, оқушылардың санасына әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты қалыптастыру осы пәндердің арасындағы өзара байланысты жүзеге асыру арқылы мүмкін болады.
Пәндерді бірбірімен байланыстырып оқыту педагогика тарихында ерте кезден белгілі. Ол Я. А. Коменскийдің, И. Г. Песталотцидің, К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде зерттеліп дамытылған. Я. Коменский оқу пәндерін байланыстырып оқыту кезінде студенттерде оқу материалы жайлы толық мағлұмат қалатынын, оның терең, әрі жүйелі білімнің шарты екенін түсіндіре келіп, пән аралық байланыстың мақсатты және тиімді болуына мән береді. Пәнаралық байланыс мәселесі жанжақты әрі жүйелі түрде ұлы орыс педагогы К. Ушинскийдің еңбектерінде де дәлеледенді. Оның пікірінше әр түрлі ғылым саласынан тамшылап берілетін ғылым, адамның сыңарында жаттанды түрде жинақталмай, сапалы түрде меңгерілуі керек. Білім сонда ғана берік, жүйелі және терең болады.
Физика сабағында пәнаралық байланысты қолданудағы мақсатым: Физика пәні бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру; Оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру; Өзіндік танымдық - шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынандай:
Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
Түрлі пәндерді оқып үйренудеөтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптсатыру.
Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою.
Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу.
Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.
Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдістәсілдері
1.
Пәнаралық сипаттағы сұрақтар беру;
2.
Жүйелі тапсырмалар орындау;
3.
Пәнаралық сипаттағы есептер шығару;
4.
Пәнаралық сипаттағы үй тапсырмаларын беру;
5.
Пәнаралық сипаттағы бақылау жұмыстарын орындау;
6.
Әр түрлі өзара байланысы бар әдебиеттерді қолдану;
7.
Оқу барысында кездесетін пәнаралық сипаттағы қиындықтарды шешу.

Интегративті білім беруді ұйымдастырудың түрлері:

1.
Интегрированный жүйелі оқу күні;
2.
Пәнаралық факультатив;
3.
Пәнаралық сипаттағы сыныптан тыс жұмыс;
4.
Жан - жақты Комплексная экскурсия;
5. Комплексный семинар;
6. Қоғамдық білім тексеру Общественный смотр знаний;
7. Пәнаралық сипаттағы сабақ.

Физика сабағында деңгейлеп-саралап оқыту

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Бұл уақыт талабы»- дегенінен мұғалімдер қауымына өте үлкен жауапкершілік жүктелгенін аңғаруға болады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат - жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан - жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімен жұмыс жасауларына жағдай жасау және шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық технологияларды немесе оның элементтерін ұтымды пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология түрлерін қазіргі кезде көптеп қолданып жүрміз. Бұл технологиялардың оқушының ой - өрісінің дамуына тигізер пайдасы өте зор, себебі оларды қолдану сабақ нәтижесін, сапасын, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады. Әсіресе оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады.
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Ушинский, Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л. ВЗанков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «тұлға» ретінде тануға бағытталды.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушының ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым - қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өз бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Физика сабағында деңгейлеп оқытудың тиімді жақтары мыналар:
- әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
- оқушының жеке қабілеті айқындалады;
- іштей бір - бірінен қалмауға тырысады;
- тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;
- әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
- сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өз бағасын біліп отырады
(1 - деңгей – «3», 2 - деңгей – «4», 3 – деңгей – «5»)
- даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалауға және ата - анасымен байланыс жасауға жеңілдік туғызады;
- бір ғана сабақта тапсырманың бірнеше түрін орындайды;
Сабақ – шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орын болғандықтан, шешуге міндетті жүзеге асыру - ұстаздың шеберлігіне тәуелді. Оқу материалын қызықты ету үшін ойлана, жан - жақты даярланудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік те, терең білім беруге мүмкіндік береді.
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру.
Сондықтан физика сабағында оқу - тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуі үшін әртүрлі оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше таңдап алуға тырысамын.
Оқушыларға оқу материалын түсінікті және қызықты етіп беру үшін сыныпты көз алдыма елестетіп, әрбір оқушының даярлығы мен мүмкіндігіне, қабілеті мен біліміне сүйеніп, сабақтың құрылымына талдай жасай отырып, алдыма мақсат қоямын.
- Заман талабына сай білімді, білікті, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Мақсатыма байланысты міндеттер қоямын;
- Жас ұрпақтың қабілетін ашу.
- Шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
- Мақсатты жүзеге асыру.
Оқу материалын баяндау барысында тәжірибелер көрсетіп, жаттығулар орындатып, дидактикалық материалдар мен техникалық құралдарды жүйелі пайдалану арқылы әсер алуға жетелеймін.
1. Жалпы мәдениеттік мәні бар ұлттық, аймақтық, жергілікті материалдарды өз сабақтарымда кеңінен пайдалану.
2. Оқушылардың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау.
3. Оқушылардың физика сабақтарындағы белсенді іс - әрекеттерін ұйымдастыру үшін барынша көп мүмкіндіктер жасау.
4. Оқытудың әр кезеңінде оқушылардың пәнді оқыту қызығушылығын қалыптастырып, дамытып оқыту.
5. Пәнаралық байланысты сабақта тиімді пайдалану.
6. Деңгейлік және саралап оқыту жағдайында барлық оқушылардың бағдарламалық білімді меңгеруін жүзеге асыру.
Жаңа сабақты түсіндіру барысындағы басты мақсатым - әрбір оқушының білім алуының сапалық деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін оқу жоспарын ғылыми негізде ұйымдастыру. Оқушының білімді игеруін үш сатыдан тұратындай етіп құрамын:
1. Жаңа білімді игеру және оны пайдалана білу.
2. Игерген білімді өңдеп, оны таныс емес жағдайда пайдалана білу.
3. Жалпы білімді өз бетімен игеру.
Аталған сатының әрқайсысында оқушының пәндік білімді игеруі төрт деңгейде өтеді:
1. Білу.
2. Түсіну.
3. Қолдану.
4. Біліктену.
Мысалы, «Гармониялық тербелістер. Тербеліс амплитудасы, периоды және жиелігі» тақырыбында оқушы тербелістер жайлы 9 сыныпта өткен түсінігін еске түсіре отырып, жаңа фактілерді, сондай - ақ толқын түрлеріне жататын электромагниттік толқындардың қасиеттерін қабылдайды. Бұл білімді қабылдау деңгейіне жатады.
2 - деңгей – Түсіну, яғни қабылдаған жаңа мәліметті пысықтап бекіту, өз сөзімен естігенін айтып беру. Мысалы: Тербелістердің өмірде алатын орны.
3 - деңгей – Қолдану. Қабылдаған білімді формула бойынша тұжырымдау, есеп шығара білу, ұқсас мысалдар келтіру.
4 - деңгей – Біліктену. Оқушы алған білімін, сабақтың мәнін түсіндіре білу, басқа фактілермен салыстыра отырып, қорытынды жасай білу. Қарапайым түрде гармониялық тербелісті шығарып ала білу.
Әрбір сабақта, мүмкіндігіне қарай, жергілікті жер материалдарын пайдалана отырып, оқушының білімділігін арттыруға көңіл бөлемін. Мысалы, «Импульс» тақырыбын өту кезінде әсерлесуші денелер ретінде асықты пайдаланамын. Тыныштықта тұрған асықты екінші асықпен атқанда екінші асық неге қозғалады? Әсердің берілуі денеге жылдамдық туғызды деген мысал арқылы импульстің формуласы жазылып түсіндіріледі. Сол сияқты үйге мынадай тапсырма беруге болады: стаканға су құйып, оны бір парақ қағаздың үстіне қойыңдар да қағазды жайлап тартып көріңдер, сосын оны лезде тартып алып қараңдар, «Қолдың тарту әсерінің уақытқа тәуелділігі қандай?» - деген сауалды талдап, оған жауап беріңдер.
«Реактивті қозғалыс» тақырыбын өткенде картон қағаздан балық пішінін қиып, оның саңылауына пипетка арқылы май тамызып, біраз бақылаймыз. Май балықтағы саңылау арқылы аққанда балық ілгері жылжиды. Бұл тәжірибе реактивті қозғалысты түсіндіруде оқушының білімділік деңгейін арттыруға көмектеседі. 11 - сыныпта дифракция, интерференция құбылысын түсіндіргенде құс қауырсыны, капрон мата, пластинканы пайдалана отырып түсіндіруге өте тиімді.
«Дыбыс толқындарын» өткенде резонатор ретінде домбыраның қуысын қарастыра отырып, адамның ауыз қуысы резонатор екенін ескертіп, «жағыңды екі қолыңмен қатты қысып сөйлеп көр» деген тапсырма беріледі. Оқушылар өз тәжірибесіне түсініктеме береді.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастырамын. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолдануға болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы, жаңа педагогикалық технологияны қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушылардың білімге леген оқу - танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қараев Ж. А. «Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы».
2. Жұмабекова А. А. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту».
3. Тұрғанбаева Б. «Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту». Қазақстан мектебі №8, 2004 ж.
4. Ильин В. С. «Формирование личности школьника». М, педагогика, 1984г.

Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану - сапалы білім негізі

Педагогикалық технология – қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп, оқудың жаңа мазмұн, әдіс – амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық - педагогикалық жиынтығы. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж. Қараевтың «Әртүрлі деңгейде оқыту технологиясын» жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында үнемі қолданып келеміз.

Ж. Қараев технологиясының жеткен жетістігі, ол оқушыны мәжбүрлеп оқытуды емес, оқушы ақпаратты өз бетінше іздеуге, ешкімнің көмегінсіз шешім қабылдауға дағдыландырады. Физика сабағында оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдаланып ойын жинақтап, сұраққа дұрыс жауап беруге және шешен сөйлеуге қалыптасады.

Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы, даму динамикасы, ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі, әр оқушының ой - өрісі кеңейеді және білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейге жұмыс жасай алатынында.

Бірінші деңгей: тапсырмалары жалпыға бірдей стандартты білім негізінде беріледі, яғни білімнің минимальды шегі, бұл деңгеймен сынып оқушылары толықтай жұмыс жүргізе алады. Бірінші деңгейдің тапсырмалары алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықтағы бар мәселелерге байланысты құрылады. Бұл сұрақтар көп ойлануды, ізденуді талап етпейді. Сондықтан олар жедел түрде тапсырманы орындай алады.

Екінші деңгей: кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өзі ізденіп, мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып өз бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары қалыптаса бастайды. Оқушылар алгоритмдік сатыға көтерілгенде қозғалыс түрлерін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып талдауға көшеді.

Үшінші деңгейде: оқушы талдау, жинақтау, салыстыру сияқты танымдық жұмыстарын жүргізеді. Эвристикалық (танымдық - іздену) сатының ерекшелігі - оқушылар қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып белгілі бір мәселеге дұрыс жауап бере білуге дағдыланады. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

Төртінші деңгей: қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған саты, яғни оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен түрлі тапсырмалар орындайды.

Қорыта келгенде, деңгейлік тапсырма мен жұмыс жасау арқылы оқушының ақыл - ойы дамиды, өзіндік дүниетанымы қалыптасады, әр алуан тапсырмалар оқушының сабаққа деген ынтасын және жауапкершілігін арттырады.
Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оқушыларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.

Оқытудың инновациялық технологияларын физика сабағында қолдану

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта физика пәнінде әртүрлі әдістермен жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін мүмкіндігінше және оқушылардың жеке жағдайларына байланысты таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.

Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім мына төмендегі қағидаларды есте сақтағаны жөн деп есептеймін.

1. Мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет.
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын, жан дүниесін жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі абзал.
3. Ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.
4. Мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап жеке блоктар түрінде топтастырып өткізе білуі керек.
5. Оқушыларға ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін арттыру үшін жаңа сабақты, әсіресе заңдылықтар мен құбылыстарды тірек белгілері мен тірек конспектілері бойынша берген жөн.
6. Оқушылардың сапалы да тиянақты білім алуы үшін әр бөлім, әр тақырып бойынша олардың білімдерін тексеріп отырған жөн. Мұнда әсіресе оқушылардың білімдерін тексеруде мына төмендегідей әдістерді қолданған тиімді:
• Тестік жүйе бойынша
• өзін-өзі тексеру
• көршісін тексеру және т.б
7. Сабақта халықтық педагогика элементтерін пайдалану қажет. Ол үшін:
• Халық ертегілерінен, аңыз әңгімелерінен, өлең жырларынан үзінділер келтіріп, олардың мағынасын түсіндіруге;
• Халықтың ұлттық ойындарымен түсіндіруге;
• Әртүрлі табиғи құбылыстарға байланысты жұмбақтар шешіп, сөзжұмбақ, бейнесөз құрастыруға болады.
8. Сабақта оқушыларды таң қалдырып, себебін білгілері келетін әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустарды ұдайы қолданған орынды.
9. Ең бастысы әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Қорыта айтқанда, бүгінгі сабақ кешегі сабақтан өзгеше, ал ертеңгі
сабақ бүгінгі сабақтан жақсы болуы тиіс.
Әрбір тақырыпты түсіндіргенде оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай тірек белгілері мен тірек конспектілерін пайдаланған жөн. Негізгі заңдылықтарды тірек белгілері арқылы оқушыларды жинақылыққа, көркемдікке баулып, есте сақтау қабілеттерін арттыруға, ойлау қабілетін арттырып, оларды шығармашылыққа баулуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ физикалық заңдылықтар мен құбылыстарға арнап жеке тірек белгілерін құрастыру қажет.Мысалы, 10-шы сыныпта «Электростатика» тарауы бойынша «Электр заряды». «Электрлену тақырыбын өткенде, зарядтың өзара әсерлесуін мынадай тірек белгісімен беруге болады:

а--------------------------------------з
т----------а
т----------+--------- q--------+--------р
а --------- я
с тебіледі д


ә
р

а------------------------------------------------з
т----------- а
т-----------+------- q-------- ----------р
а----------я
с----------- тартылады----------д

Мысалы, 10-шы сыныпта «Сұйықтар мен газдардың қасиеттері» тарауы бойынша «Булану және конденсация» тақырыбын өткенде сұйық пен газдың өту процестерін тірек сызбамен беруге болады.

Сұйық Газ
Булану

Сұйық Газ
Конденсация
Келесі мысал: «Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбын өткенде өткізгіштерді тізбектей жалғау түріне мынадай тірек сызбамен беруге болады.

R1--------R2
Rn

Өткізгіштерді тізбектей жалғау
Сабақты меңгертуде көбінесе сандық және сапалық есептер шығару, әртүрлі қызықты тәжірибелер мен физикалық фокустар көрсету оқушылардың ой-өрісін дамытып, олардың шығармашылығын арттыруға бағыт беру мақсат етіледі. Сапалық есептер шығарғанда халық даналығының, нақыл сөздерінің, мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәнін және ұлттық ойындарды физика тұрғысынан түсіндіруге, пайдалануға болады.
Мысалы:
1. «Арбасының дөңгелегін майламаса, арбакештің шәйі қайнамайды» мақал арқылы мынадай сұрақ қоюға болады:
• арбаның дөңгелегі неге майланады, майламаса не болар еді?
• Бұл жерде арбакеш үйкелістің қандай түрімен жұмыс жасап тұр?

2. «Толқын ұрар жағаны,
Маған бөгет қылма деп,
Жаға кейін қағады,
Әуре болып тұрма деп». – бұл өлең арқылы толқын қалай пайда болады және толқынның жағаға ұрылып кейін қайтуын қандай заңмен түсіндіруге болады?

3. Мылтықтан оқтың атылуы қандай физикалық құбылысқа мысал болады және бұл жерде қандай физикалық заң ескеріледі?
4. Жанып жатқан керосинді неге сумен құйып сөндіруге болмайды?

5. Алтыбақан және көкпар ойындары арқылы қандай физикалық процестерді кездестіре аламыз?- деген сияқты қызықты сұрақтар мен ойындарды пайдалануға болады.
Осылайша физиканың негізгі заңдылықтары мен құбылыстарын өмірмен байланыстыра қызықты етіп беру жолдарын қарастыруға болады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оларға физика заңдылықтарын өмірде кеңінен қолданылатынын да ұғындыруға мүмкіндік береді.
Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуғӨткізгіштерді тізбектей және параллель
қосу

  • [link] [pic]