Тақырыбы: Елін сүйген – Елбасы

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Елін сүйген – Елбасы

Мақсаты: 1.қазақ халқының тұңғыш президенті – Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағұлмат беру;

2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту,құрметтеу.

Жоспары: І.Кіріспе.

І-жүргізуші:

  • Құрметті қонақтар, оқушылар 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш президенті күні құтты болсын!

  • Әнұран «Менің Қазақстаным»

ІІ.Негізгі бөлім:

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен және бүгінгі күнге дейін жеткен дәрежесімен слайд арқылы таныстыру.

ІІІ. «Ақыл мен парасатты пір тұтатын - Нұрсұлтан» балалық шағынан көрініс. (оқушылардың орындауында)

ІҮ. Мәнерлеп оқу.

І.Кіріспе.

ІІ-жүргізуші:

- Армысыздар,құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 7 «Ә»сынып оқушылары- ның 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне арнаған сынып сағатына қош келдіңіздер!

Нұршат: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Алдияр: Қазақтың тілері ата жол салтымен,

Достасу, туысу, әр елдің халқымен.

Қонақжай халықпыз,жомартпыз,дарханбыз,

Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.

Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,

Қазақтың елі мен даңқты даласын.

(оқушылардың елбасының өмірбаянын айтуы)

ІІ- жүргізуші:

Ендігі кезекте, «Ақыл мен парасатты пір тұтатын - Нұрсұлтан» балалық шағынан көрініс. (оқушылардың орындауында)

Автор: Мектеп қабырғасындағы сабақ үзілісі кезіндегі көрініс.Нұрсұлтан екі досымен үзіліске шығып, таза ауамен демалып тұрады. Бірі асық ойнап,ал екіншісі кітапты ашып тұрады. Сол уақытта мектептің ең бұзақы балалары келіп, қыздар дың шаштарынан тартып,дөрекілік көрсетеді.Мұны байқап, көріп тұрғаны Нұрсұлтан шыдай алмай қасына жақындайды.

Нұрсұлтан:

  • Жігіттер, сендер неге бұзақылық жасадыңдар? – деп, сұрайды.

  • Сонда әлгі бұзақы жігіттердің бірі: - Сен кімсің?-деп жақтырмай сұрайды.

  • Менің есімім –Нұрсұлтан болады.

Мұндай теріс қылық жасамаңдар, бұл әдепсіздік болып саналады.Қыздардан кешірім сұрап, барлығымыз бір кісідей дос болып жүрейік.Біз әрқашанда бір-бірімізге көмек беруіміз керек.Өйткені, ертеңгі күннің ақылды да, парасатты ұрпағы ол –« БІЗ» дейді.Содан кейін балалар ойланып, қыздардан кешірім сұрады.

ІІ-жүргізуші: Ендігі кезекті оқушылардың елбасымызға арнаған тақпақ өлеңдеріне берейік.

І-жүргізуші:

  • Балалар, биыл Тәуелсіздігіміздің неше жылдық мерейтойын тойлағалы отырмыз? -25 жылдығын

  • Иә,дұрыс айтасыздар, ендеше мерекеге арнаған тақпақ өлеңдерімізді айта отырайық. (Балалар тақпақтары) Ұлжан, Мөлдір

Ү.Қорытынды:

Тәуелсіздік!

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді міне,азаттығым, теңдігім.

Шешіл енді шермен болған шерлі үнім.

Өзіңдікі – Елің де,

Өзіңдікі –Жерің де.

Өзіңді өзің еккен бақ

Тәуелсіздік төріңде.

Бүгінде міне, 25 жыл еліңде,

Жырлаймыз біз,әнге салып елдікті,

Егемендік құлаш серме, бой берме.

Жырлаймыз біз,жырлаймыз біз теңдікті!


Ән: «Қазағым»

Орындайтын Қарлыбай Самира



































«Жаңаөзен қаласы № 20 орта мектеп» мемлекеттік мекемесі











Сынып сағаты

Тақырыбы: «Елін сүйген – Елбасы»





Дайындаған: Ж.Т.Сатаева

















2016/2017 оқу жылы