Пользовательское соглашение

Есті дамыту психологялық жаттығулары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Тақырыбы: Есті дамытуға арналған жаттығулар топтамасы

Мақсаты:Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту


Барысы:

«Кім болған?»

Мақсаты: сөйлеуді, ойлауды, есті, қиялды, зейінді дамыту

Дөңгеленіп, шеңбер құрып отырған балаларға жүргізуші кезекпен сұрақтар қояды: «Ол бұрын кім (не?) болған?»

Балапан (жұмыртқа)

Жылқы (құлын)

Сиыр (бұзау)

Емен (шыбық)

Балық (уылдырық)

Алма ағашы (тұқым)

Көбелек (дернәсіл)

Нан (ұн)

Шкаф (тақтай)

Велосипед (темір)

Көйлек (мата)

Аяқ киім (былғары)

Үй (кірпіш)

Күшті (әлсіз)

Ұстаз (оқушы)

Әйел (қыз)

Ит (күшік)

Құс (балапан)

Ешкі (лақ)


«Гүл, ағаш, жеміс»

Мақсаты: ойлауды, есті зейінді аудару қабілетін дамыту.

Балалар шеңбер болып отырады, жүргізуші оларға кезекпен допты лақтыру арқылы «гүл, ағаш, жеміс, гүл...» деп айтқан кезде допты соңғы ұстаған бала жүргізуші үш санағанша гүлдің атын атауы керек. Ойын осылай жалғаса береді. Тек бір аталған атау екінші рет қайталанбауы керек. Шатасып немесе жауап бере алмаған бала ойыннан шығады. Ойын бір оқушы қалғанша жалғасады. Қалған оқушы жеңімпаз болып табылады.


«Кім көп көріп, есте сақтай алады?»

Мақсаты: зейін мен есті дамыту

Балаларға төмендегідей тапсырма беріледі: жүргізуші 30 – ға дейін санап болғанша оқушы бөлмедегі заттарды қарап, естерінде сақтап қалуы қажет. Жүргізуші отыз деген кезінде балалар көздерін жұмып, І баладан бастап, есінде қалған заттарды айта бастайды. Екінші бала І баланы толықтырады. Осылай барлық бала айтып шығады. Соңында балалар көздерін ашып, қандай затты ұмыт қалдырғанын қарайды.

Сабақты пысықтау.

Бүгінгі сабақта немен таныстық?

Сіздерге не ұнады?

Сіздерге не ұнамады?

Біз бұл ойындарды не үшін ойнаймыз?








  • Обращение к пользователям