М.Мақатаев Фантазия ашық сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақтың тақырыбы: «Фантазия» (М.Мақатаев)  5-сынып

Сабақтың мақсаты: М.Мақатаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру; Ақынның қасиеті де киелі өлең-жырлары арқылы халқына қызмет етуін таныту; «Фантазия» өлеңі арқылы ақынның халықтық болмысқа ілтипатын көрсету, ұлттық өнегені ұғындыру, оқушылардың қиялдау қабілетін қалыптастыру, ойлау өрісін кеңейту

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Іздендіру сабағы

Сабақтың әдісі: СТО жобасының стратегиялары

Көрнекілігі: Компьютер (ақынның портреті мен өлеңі жазылған.), кесте (ақынның өмір жолы), кітап көрмесі

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын тексері

Үй тапсырмасы: Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан»

ДЖИКСО стратегиясы (ұжымдық оқыту әдісі)

І топ – Тарихи тұлға - әдеби кейіпкер

Балуан Қ.Мұңайтпасов туралы не білесіңдер?

Әдеби кейіпкерден тарихи тұлға таныла ма?

ІІ топ – Балуанның өсу жолын көрсетіңдер (шығарма бойынша).

ІІІ топ – Шығарма бойынша Мұқанға мінездеме беріңдер

ІҮ топ – «Қажымұқан» хикаяты бойынша қандай сурет (иллюстрация) салар едің? Осы бойынша шығарма-суреттеме жазыңыз.

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

«Абай, Мұқтар бастаған елге әйгілі ұлы көштің» бұйдасын ұстамағанмен, бел ортасынан ойып тұрып өзіндік орнын алған ұлы ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен бүгінгі сабақта танысамыз. Бір сәт қиялға ерік беріп, ақынның өзін тыңдайық.

Ассоциация стратегиясы

Ақын образын сомдау

(Компьютерден М.Мақатаев портреті көрініп, «Менің анкетам» өлеңі диалог түрінде тыңдалады.)

Менің анкетам

-          Туған жерің?

-          Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

-          Туған жылың?

-          1931. Құрдасымын Шәмілдің.

-          ...

-          Мекен жайың?

-          Мекен жайым - жер менің,

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.

 

Мұқағали Мақатаев өмір жолы

 

Ерте есейген балалық

Ауылдық кеңес хатшысы

Қызыл отаудың меңгерушісі

Комсомол қызметкері

Жеті жылдықмектептің мұғалімі

1954-62 жылдар

Қазақ радиосында диктор және педагогикалық қызмет атқарған.

1962 жыл

Алматы қаласына көшіп келеді.

1962-72 жылдар

«Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттері, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1972-73 жылдар

Қазақстан Жазушылар Одағында әдеби кеңесші болып қызмет атқарған.

1976 жыл 5 наурыз

Алматы қаласында ұзаққа созылған науқастан қайтыс болды.

1985 жылдан бері

Қазақстан Жазушылар Одағы үздік әдеби шығарма авторларына берілетін М.Мақатаев атындағы сыйлық тағайындаған.

 

Шығармалары

 

Балалар, қайтадан ақынның өзіне құлақ түрейік:

(Компьютерден ақынның «Фантазия» өлеңі тыңдалады)

Оқушыларға іштей өздері оқуға тапсырма беріледі.

Мағынаны тану

І топ Анықтау

Өлеңдегі түсінігі қиын сөздердің мағынасын анықтау (Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс)

Фантазия – ой елестете білуге қабілеттілік, қиял

Ақиқат – шындық, шын, айқын бар болмыс

Ғалам – бүкіл жер жүзі, әлем

Ғаламат – таң қаларлық, ғажайып

Ғұлама – араб тілінде ғалым деген мағынаны береді

Жай – найзағай, жасыл

Қат – қабат деген мағынаны беретін сөз

Қиял – фантастикалық ой, арман

Галилео Галилей – ХҮІ-ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Италияның атақты ғалымы

Николай Каперник – ХҮІ ғасырда өмір сүрген поляктың ұлы ғалымы

ІІ топ Талдау

Өлең құрылысына қарай талдау

          4              3                  4

Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған//                                             а

         4              3               4

Ертегіден/ ғұлама/ дана туған//                                                  а 

         3                 4                   4

Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен//                                           б

         3                 4                  4

Адамның/ қиялында/ жаратылған//                                            а

 

Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (ааба) жазылған өлең.

 

ІІІ топ Зерделеу

Өлеңдегі бейнелі ойлар мен көркем тіркестерді тауып, мағынасын ашу, зерделеу

Жеті қатжерің мынау төңкерілген –

Жеті қатаспанменен көмкерілген –

Ертеңімен табысу –

Ғаламаттар туылған ертегіден –

Ғаламдық ақиқат –

Ертегіден қала тұрған –

Ертегіден ғұлама дана туған –

Жер бетіне сыя алмау –

Қиылмен қанаттану –

Жайды ұстау –

 

ІҮ топ Салыстыру

Ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты салыстыру

 

Ой толғаныс

Бес жолды тұжырым

1 зат есім

2 сын есім

3етістік

4 сөзді сөйлем

Синоним

 

Фантазия

Бай, ұшқыр

Шарлатады, шарықтатады, шалқытады

Адам фантазиясы шексіз бай.

Қиял

 

Фантазия

Шалқар, дария

Шабыттанып шырқатар шарықтата

Адамның қиялындай бар ма, сірә?

Арманда

Қорытынды

Ақын күнделігінен

14 ақпан 1976 жыл

«Егер бір кездерде менің өмірім, творчеством әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім: Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңдерім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда, ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай. Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. Менің бүкіл жазғаным – бар-жоғы бір ғана бүтін поэма. Егер нанбасаңдар, барлық өлеңдерімді жинап, бір жинаққа топтастырып көріңдерші. Егер мені содан таппасаңдар, онда менің ақын болмағаным.»

 

«Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы

Үй тапсырмасы:

Міндетті деңгей: Мұқағали Мақатаев «Фантазия»өлеі (жаттау)

Мүмкіндік деңгей: Ақынмен сырласу (эпостолярлық жанрдағы шығарма)

Ақынның өздеріңе ұнаған өлеңдерін оқу, жаттау

Бағалау