Урок по НВП для 10 класса Қол гранаттары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Күні:

Сыныбы: 10

Пәні: Алғашқы әскери дайындық

Пән мұғалімі: Кенжебаев Хамаш

Сабақтың тақырыбы: Қол гранаттары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қол гранаттарымен таныстыру және толық түсінік беру

Дамытушылық: өтілетін тақырып бойынша білімдерін қайталау және ой - өрістерін жетілдіріп,қызығушылығын арттыру

Тәрбиелік: адамгершілікке отан сүйгіштікке баулу

Өтетін орны: алғашқы әскери дайындық кабинеті

Өту тәсілі: айту,көрсету,қайталау

Көрнекілігі: плакаттар, қол гранаттары, Ф – 1, РГД – 5, үйлестірмелі каточкалар ,оқу автоматы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Үй тапсырмасы бойынша 4-5 оқушыдан сұрау

-Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдерін ата

- Автомат неге арналған ?

- Автоматты кім үшін ойлап тапқан ?

- Автоматтың негізгі бөліктері қандай қызмет атқарады ?

ІІІ. Негізгі бөлім

Қол гранаттары талай ғасырлар бойына армияның қаруы болды.Оларды жаудың шабулдарын тойтару кезінде ойдағыдай қолданды. Осы заманғы ұрыста қол гранаттары қарсыласты жоюдың сенімді құралы болып табылады.

Жарықшақты қол гранаттары қарсыластың адам күшін жарықшақтармен жоюға жетерліктей энергиясы бар жан –жаққа ұшатын көптеген жарықшақтар түзіледі.

Жарықшақтарының ұшу қашықтықтығына қарай гранаттар шабулдық және қорғаныстық болып бөлінеді РГД – 5 жарықшақты қол гранаты шабулда және қорғаныста қолданылады. Ол тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан ,жарылғыш зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Корпус жарылғыш заряд пен тұтандырғыш түтігін орналастыруға арналған. Ф – 1 жарықшақты қол гранаты арақашықтық әрекеті гранат көбіне қорғаныс шайқасында адам күшін жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан ЖҰМ – нан немесе танктен лақтыруға болады. Ол корпустан жарылғыш зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Сабақты қорытындылау.

4-5 оқушыға сабақ бойынша сұрақтар қою. Қателерін түзету.

  • ҚР ҚК – нің қару жарағында қандай жарықшақты қол гранаттары бар ?

  • Жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты нешеге бөлінеді ?

  • Гранаттардың ұрыстық қасиеттерін ата?

  • Гранаттардың негізгі құрылысын ата?

Үй тапсырмасын беру.

Оқып келуге 163-167 беттер. Шетел қарулы күштерінде қолданылатын қол гратантарын біліп келу.