Ашық сабақ жоспары. 2-сынып. Қазақ тілі. Жұрнақ пен жалғау

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Күні 22.01.2016ж.

Сыныбы 2 «В»

Пәні Қазақ тілі

Мұғалім Болысбекова Ұ.Ш.

Сабақтың тақырыбы Жұрнақ пен жалғау

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Түбір мен қосымшаны ажырата білуге үйрету. Қосымшаның

түрлері жұрнақ пен жалғау туралы түсінік беру. Түбір сөзге жұрнақ жалғатып,

жаңасөз жасату, сөз құрамына талдау жасай білуді меңгерту. Көркем, сауатты

жазуға үйрету.

Дамытушылық. Қисынды ойлауға, алған білім, білік дағдыларын

өмірде қолдана білуін дамыту. Ізденушілік, шығармашылық , топпен

жұмыс жүргізе білу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік. Жан-жақты білімді, мәдениетті, өзіндік ой-пікірі

қалыптасқан, өз ойын еркін жеткізе алатын , адамгершілігі мол ұрпақ

тәрбиелеу. Елін , жерін, ана тілін құрметтеуге баулу.

Сабақтың типі жаңа білім беру

Сабақтың түрі топпен жарыс

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, математика

Сабақтың әдісі: топпен жарыс, «Құра-бұра» ойыны, «Хат келді» әдісі

Блум таксаномиясы, « Т кестесі» , «Бәйге» ойыны, «Ия, жоқ» әдісі,

анаграмма, суретпен жұмыс, сұрақ- жауаптар.

Көрнекілігі: АКТ, суреттер, кестелер, слайд, ұпайлар, хат, бағдаршам, бағалау, ойын

түрлерінің парақшалары, тірек-сызбалар, стикерлер.

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

I.Үй тапсырмасын сұрау

II.Үй тапсырмасын бекіту

III.Білімді саналы түрде меңгеру кезеңі

IV.Жаңа білім беру

V.Жаңа білімді бекіту

VI.Үйге тапсырма беру

VII.Білімдерін бағалау

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі.

- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өзімді жақсы қырымыздан көрсете білейік. Бірінші қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Психологиялық дайындық. Сыныптың ұраны

Жарқырап күн де ашылды, Мақсатымыз - білім алу,

Айналаға нұр шашылды. Міндетіміз – еңбек ету.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз. Еңбектену арқылы

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз. Бестікке қол жеткізу


«Мозайка » әдісімен топқа бөліну.

Мамандық иелерінің суреттері бойынша сыныпты төрт топқа бөлу. Топ капитандарын сайлау.

Әр топтың ұпайларын жеке беріп отыру.







«Түбірлер» тобы «Қосымшалар» тобы « Жұрнақтар» тобы «Жалғаулар» тобы

«Алтын ережені» сақтау

Формативті немесе қалыптастырушы бағалау.

Топ көшбасшысы өз тобының оқушыларын бағалайды.

Үй тапсырмасын тексеру

279-жаттығу Түбір сөздерді бір бөлек, қосымшалы сөздерді бір бөлек топтастырып жазу

Түбір сөздер Қосымшалы сөздер

Дала, түн, қалада, жазғы

іс, қобыз орындық, көлшік



Үй тапсырмасын бекіту.

«Бәйге» ойыны

Мақсаты: Әр топ берілген сұраққа нақты жауап берсе бәйгеде бірінші болып келеді. Толық , дұрыс жауапқа 30 балл, дұрыс бірақ толық емес жауапқа 20 балл, жауабы дұрыс жауапқа жуықтау болса 10 балл беріледі.

Сұрақтары:

1.Түбір дегеніміз не? ( Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір дейміз)

2.Қосымша дегеніміз не? (Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз)

3.Сөз дегеніміз не? ( Сөз дегеніміз белгілі ұғымды, заттың, құбылыстың, адамның атын,қимылын, сынын, санын білдіреді)

4.Сөйлем дегеніміз не? ( Сөйлем дегеніміз - тиянақты аяқталған ойды білдіретін сөздер тобы. Сөйлемнің соңына нүкте, сұрау белгісі, немесе леп белгісі қойылады)


Білімді саналы түрде меңгеру кезеңі .

Ерте-ерте ертеде, бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтау екен. Бір күні оларға сонау алыстан сиқырлы хат келіпті. Хатты олар «сен ал, сен ал» деп бір-біріне сілтейді. Сөйтіп хат алынбай тұрады. Балалар, сендер хатты алғыларың келе ме? Олай болса хатты ашып көрейік. Бұл хаттың сыйқырлы хатты ашқан адамға арналады екен. Хат «Қосымша» деген атайдан келіпті. Хатта былай делінген.

Құрметті 2 «В» сынып оқушылары !

Мына сыйқырлы парақшалар сендерге жұрнақ пен жалғауды үйренуге көп көмегін тигізеді. Бұны сыйлық ретінде қабылдап, күтіп ұстаңдар. Менің сендерге жіберген тапсырмаларым да бар. Сол тапсырмалардан мүдірмей өтсеңдер сыйқырлы парақшалар сендерде қалады.

1-тапсырмасы. «Құра-бұра» ойыны

Мақсаты: Құрастырғышты дұрыс орнына қою. Оқушыларды шапшаң ойлану арқылы, сөздің құрамын дұрыс орналастыруды меңгерту.

ор , -ман, тор, -ғай, кі , -лар, -тап, -ха, -на, -да, -ғы, дә, -рі, -гер

Дұрыс реті: ормандағы, торғайлар, кітапхана, дәрігер


Сәлемдеменің ішінен жаңа сабақтың тақырыбы шығады. (Жұрнақ және жалғау)

Жаңа білім беру.

Түсіндіру жұмыстыры. (Сурет бойынша жүргізіледі)

-Мынау не? (жылқы)

- Осы сөзге –шы қосымшасын жалғап айтып көрейікші? (жылқышы)

-Жылқышы деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

-Жылқыны күтіп, бағатын адамды айтады.

-Міне балалар, қосымша жалғанғанда сөз өзгерді. Енді осы жылқы сөзіне -ға қосымшасын жалғап айтайық. (жылқыға су бер) Бұл сөздің мағынасы өзгерді ме?

-Жоқ. Өзгерген жоқ. Демек қосымшалар екі түрлі қызмет атқарады. Сонымен қосымша жұрнақ, жалғау болып екіге бөлінеді.

Ережені есіңе сақтап ал. (Ережені оқушыларға оыту)


Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Сергіту сәті . Электронды түрде «Қысқы жаттығу» сергіту сәті ұйымдастырылады.





Оқулықпен жұмыс (Топпен жүргізіледі) 2 –хаттың тапсырмасы

282-жаттығу. Берілген қосымшалардың қайсысын қай сөзге қосып айтуға болады.


ш

ш

ш

ш

ш

-ші -пен -ға -лық -ла

бүркіт су таза

ш

ш

ш

ш

ш

-ті -тер -лы -сын -лық


Қосымшаларға сұрақ қойып , мағыналарының өзгерген-өзгермегенін байқау.

3-хаттың тапсырмасы

283-жаттығу. Мақалды оқып, жатқа жаз.

Өнерлі жігіт өрде озар, Түбірі өнер –дерексіз зат есім, өнерлі, өнерсіз – қандай сұрағына жауап

Өнерсіз жігіт жер соғар. беріп сын есімге айналып сөздің мағынасы өзгерді.

Жұрнақ жалғанған сөзді тауып, мағынасын түсіндіру.

284-жаттығу. Сөздерге жұрнақ жалғап оқы. Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.

Дос – достық, іс – іскер, жұмыс – жұмысшы.

Біздің сыныпта достық қарым-қатынас орнаған. Іскер адам әрқашан сыйлы болады. Жұмысшылар жұмыла іске кірісті.


Қосымша дерек. Кесте бойынша жұмыс.

Балаларға жұрнақ жалғаудың түрлері бойынша сыйға кестелер беріледі.

Жұрнақтың екі түрі болады: сөз тудыратын жұрнақ және сөз түрлендіретін жұрнақ.

Жалғаудың төрт түрі болады: көптік, тәуелдік, септік, жіктік.


Бұл кестелер алдағы сабақтарда өз көмегін тигіеді. Ол үшін кестенің тапсырмасын орындауымыз керек.

285-жаттығу. «Т кестесі » бойынша орындалады. Жұрнақ жалғанған сөздерді бір бөлек, жалғау жалғанған сөздерді бір бөлек жазу.

Т кестесі



батырлық ғалымның

іскер көмірді

көлшік дәптері

биші бидайды

бастық

Жаңа білімді бекіту.

«Иә, жоқ» әдісі

Әр топқа 2 сұрақтан қойылады . Ойыншылар «Ия, жоқ» деп жылдам жауап береді.

1-топ

1.Дыбысты естиміз, айтамыз (Ия)

2.Сөздер белгілі бір мағынаны білдірмейді (Жоқ)

2-топ






1.Сөйлем мағынасына қарай үш түрге бөлінеді (ия)

2.Қосымша үш түрге бөлінеді (Жоқ)



3-топ

1.Жұрнақ сөз мағынасын өзгертеді (Ия)

2.Түбір сөз дегеніміз сөздің мағыналы бөлігі бөлінетін буын (Жоқ)

4-топ

1.Жалғаулар сөз бен сөзді байланыстырады (Ия)

2.Қосымшалар жұрнақ және жалғау болып екіге бөлінеді (Ия)


«Капитандар сайысы»

Анаграмма әдісі бойынша сөздердің дұрыс оқу

Шарты: қай топ капитаны анаграмманың шешуін тез тапса соның ұпайы жоғары болады.

м

р

к

д

а

а

о

ө

а

л

н

қ

п

і

р

д

о

р

а

п

р

д

ә

г

е

е

о

р

і

р

к

қ

у

е

ж

с

і

л

ы

қ


б

ү

ж

ы

р

ұ

р

к

ш

ң

ш

0

і

т

а

қ

ы

ш

ш

і

т

т

д

ә

п

а

е

р

е

т

б

и

ғ

з

е

ж

Т

а

е

р




«Басбармақ» әдісімен бүгінгі сабақтан қандай әсер алғанын басбармақтарын көрсету. .


Кері байланыс парақшасын толтыру.

«Бағдаршам» әдісі бойынша қызыл, сары, жасыл парақшаларына өздерінің алған әсерлерін жазып, ілу.

Үйге тапсырма Ережелерді білу, 286-жаттығу.


Білімдерін бағалау. Жеңімпаз топты анықтау, оқушыларды мадақтай отырып білімдерін бағалау