Ашық сабақ жоспары: Шылау сөздер

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7«В»

Пән мұғалімі: Сүлейменова Жадыра Ержанқызы

Тақырыбы

Шылау сөздер

Мақсаты

Шылаудың сөзге, сөйлемге үстейтін мәніне, атқаратын қызметіне қарай түрлерін топтап т үсінеді.

Күтілетін нәтиже

Шылау туралы алған білімдерін жинақтайды,шылау түрлерін меңгереді,жаттығу барысында шылау сөздерді табады.

Түйінді идеялар

Топта жұмыс жасайды; Бірінің пікірін бірі тыңдайды, бағалау критерийі бойынша бағалайды,жаттығу жұмыстарын орындайды

Қажетті құралдар

С.Исаев, К.Назарғалиева, Ж.Дәулетбекова Алматы «Атамұра» 2011ж 6-сынып, постерге арналған құрал-жабдықтар, интерактивті тақта, фишкілер,смайликтер.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Бағалау


Ұйымдастыру

кезеңі

1.Психологиялық дайындық (оқушылармен амандасу,мұғалім өзін таныстыру,көңіл күйлерін сұрау)

2.Оқушыларға қиынды қағаздар (шылау,септеулік шылау, жалғаулық шылау,демеулік шылау) таратылады.

1.Сабаққа қажетті құралдарын дайындайды.

2.Оқушылар қиынды қағаздар арқылы топқа бөлінеді.

2 мин


Білу (оқулықпен жұмыс)

Түсіну

Оқушыларға тапсырмалар беріледі. Тақырыпты оқып, постер жасайды.

1 топ.Шылау туралы түсінік.

2 топ.Септеулік шылау.

3 топ.Жалғаулық шылау.

4топ.Демеулік шылау.

Берілген мысалдардан шылауды табады.

Асты сызылған шылаулар сөйлемде қандай мән үстеп тұр,қандай қызмет атқарып тұр? Түсіндір.

Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған екі-үш жапырақ менің алдыма келіп түсті.Жанат пен Жомарт әңгімелесіп тұр.Абайдың қысылғанын Ділдә сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ. Тірі ме, кеудесінде жаны бар ма?

Топтарға бөлінген тапсырмаларды орындайды.







Оқушылар берілген мысалдардан шылауды тауып,түрлеріне ажыратады.

13мин





2 мин

Критериалды бағалау

Қолдану(жаттығу

мен жұмыс)

325-жаттығу(Септеулік шылау арқылы байланысып тұрған сөздерді септеулігімен теріп жазады.)

327-жаттығу(Көп нүктенің орнына көрсетілген септеуліктердің тиістісін қойып,сөйлемдерді жазады, мағыналық,қызметтік сипатын талдап көрсетеді.)

331-жаттығу(Демеуліктерді тауып,қай сөзбен бірге жұмсалғанын және қандай мән үстеп тұрғанын айтады.)



Оқушылар жаттығу жұмысын орындайды.

10 мин

Фишкімен бағалау

Талдау


Ерекші-лігі

Түрлері

Қасиеті

Емлесі

Толық лексикалық мағынасы жоқ.

Түрленбейді.

1.Септеулік

2.Жалғаулық.

Демеулік

1.Септік тұлғадағы сөзбен тіркеседі.

2.Сөз бен сөзді байланыстырады.

3.Күшейту мен тежеу мағынасын үстейді

1.Өзі тіркескен сөзден бөлек жазылады.

2.Кейбіреуі дефис арқылы жазылады.





.Оқушылар шылаудың ерекшелігін, түрлерін,қасиетін,емлесін толтырады

5мин

Смайликтер арқылы бағаланды.

Жинақтау


Кім көп біледі?Диалогтік әдіспен(сұрақ-жауап)

1.Шылау дегеніміз не?

2.Шылаудың басқа сөз таптарынан қандай айырмашылығы бар?

3.Не себепті шылау сөз табы бола алмайды?

4.Шылаулар сипатына қарай қалай бөлінеді?

5.Септеулік пен жалғаулықтардың бір-бірімен ұқсастықтары қандай?

6.Септеуліктер қандай тұлғада айтылады?

7.Жалғаулық шылаулар қандай қатынасты жалғаулық шылаулармен жасалады?

8.Демеуліктің мағыналық ерекшеліктері мен септеулік, жалғаулық шылаулардан айырмашылықтары қандай?

9.Қандай шылаулар қандай грамматикалық тұлғалармен ұқсас келеді және олар қалай жазылады?

10.Қандай шылаулар дефис арқылы жазылады?

Сұрақтарға жылдам жауап береді

3мин

Фишкілер арқылы бағаланады.

Бағалау

«Өнер алды – қызыл тіл» ойтолғау(шылау сөздерді қатыстырып)

Тақырыпқа байланысты эссе жазады

7мин

Фишкілермен бағалау

Үйге тапсырма

326-жаттығу.

Шылау сөздерін қатыстырып,мәтін құрап жазып келеді.

3мин