Пользовательское соглашение

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сабақты тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Сабақтың мақсаты: Әрбір оқушыға сапалы терең білім беру, ой-өрісін

дамыта отырып, ақпараттық құралдар арқылы білімдерін

толықтыру, бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, компьютер, слайдтық презентация.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі, ашық.

Пәнаралық байланысы: Қазақ тілі, тарих, химия.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, қатыс тексеру.

Оқушылар, оқушылар

Сұрақтарға бастадым.

Көп сұрақты жинап ап,

Алдарыңа тастадым.

Алғырың да жауап бер

Жылдамың да жауап бер

Әр сұрақтың түйінін

Жылдам кәне тауып бер.



Өткен тақырыпқа байланысты есептер.

  1. «Сүт» пен «стакан» арасындағы байланысқан ұқсас байланыс «хат» пен төмендегі сөздердің қайсысында бар? ( А )

А) марка В) конверт С) қалам Д) почташы

  1. Төмендегі сөздер қатарының үшеуін белгілі бір ерекшелігіне қарай топтасақ, қай қатарда бұл ерекшелік болмай қалады? ( С )

А) қол, білек, саусақ В) көз, қас, кірпік

С) ағаш, бұтақ, парта Д) мектеп, сынып, парта

  1. Теңдеуді шешіңіз: 14 - ( -5х + 13 ) = 6х ( В )

А) 4 В) 1 С) 3 Д) 2

  1. Қаңтардың анасының үш баласы бар. Балаларының біреуінің аты Қыркүйек, екіншісінің аты Қазан. Онда үшіншісінің аты кім? ( С )

А) Қараша В) Желтоқсан С) Қаңтар Д) Ақпан

  1. Сұрақтарда берілген сан тізбектерінің соңғы сандарын табыңыз.

а) 1 4 7 10 х

А) 11 В) 12 С) 13 Д) 14

ә) 0 3 8 15 х

А) 24 В) 22 С) 18 Д) 16

Қаңтар – Күннің барынша қысқарып, қаңтарылып тұрып қалуы. Ата-бабаларымыз «Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» деген екен.

22-Қаңтар – Грегориус күнтізбесінде жылдың 22-ші күні. Жылдың аяғына 343 күн қалады.

Сәрсенбі – Меркурий – Сынап.

Ежелгі Римде 3-ші күн – Меркурийдің құрметіне аталған.

«Сәрсенбі - Жаратушының әлемді жаратқан күні, аспан шырақтарының пайда болған күні.» (Микеланджело 1511ж)

Меркурий – Күнге ең жақын және Күн жүйесіндегі 1-ші ең кіші ғаламшар. Күнді 88 тәулік ішінде айналып шығады. Қазақша атауы – Болпан немесе Кіші Шолпан.

Сынап – химиялық элемент. Табиғатта бос күйінде сирек, көбінесе суда еріген және газ қалпында кездеседі.

ІІ. Жаңа сабақ.

ах=в түріндегі теңдеу (мұндағы х – айнымалы, а және в – қандай да бір сандар) бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады.

Мысалы: 0,9х=4,5; 2х+5=3х-2; +11= +9 – бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер.

Теңдеуді шешу барысында берілген теңдеу мәндес теңдеуге түрлендіріледі.

Түбірлері бірдей теңдеулер мәндес теңдеулер деп аталады. Мысалы: 4(х-3)=0 теңдеуі мен 4х-12=0 теңдеуі мәндес теңдеулер, себебі 4(х-3)=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең, 4х-12=0 теңдеуінің де түбірі 3-ке тең.

Теңдеуді мұндай түрлендіруді енгізген ІХ ғасырдағы Орта Азия ғалымы Мұхаммед Мұса әл-Хорезми.

ах=в теңдеуді шешудің үш түрлі жағдайы бар.

І. а≠0, болса, теңдеудің екі жағын да а-ға бөліп, х= теңдігін жазамыз. Демек, бұл жағдайда теңдеудің бір ғана түбірі бар.

1-мысал. 2,3х=9,2

х=

х=4

Теңдеудің түбірі 4-ке тең.

ІІ. а=0; в≠0 болса, теңдеу 0х=в түрінде жазылады. 0х=в теңдігі х-тің ешқандай мәнінде тура болмайды. Мұндай жағдайда теңдеудің түбірі болмайды.

2-мысал. 7х+3=7х+5

7х-7х=5-3

0х=2

Теңдеудің түбірі болмайды.

ІІІ. а=0 және в=0 болса, теңдеу 0х=0 түрінде жазылады. Кез келген санның нөлге көбейтіндісі нөлге тең болғандықтан, х-тің кез келген мәнінде теңдік тура болады. Демек, 0х=0 теңдеуінің түбірі кез келген сан болады. Теңдеудің шексіз көп түбірі бар.

3-мысал. 2х+х-5=3х-5

3х-3х=5-5

0х=0

Кез келген сан теңдеудің түбірі болады.

ІІІ. Есеп шығару. №835, №836, №837

ІV. Бекіту.

  1. Сұрақ белгісінің орнында қандай сан болды?

І. (2, 0)



ІІ. (2, 1)



ІІІ. (3, 2)



ІҮ. ( ? )

А) 5,4 В) 5,2 С) 5,3 Д) 3,5

  1. Сұрақ белгісінің орнында қандай фигура болады? ( Д )





( ) ?

А) В) С) Д)



V. Бағалау.

VІ. Үй жұмысы: №835 (5, 6) ; №836 (5, 6)