Пользовательское соглашение

Планы на тему Word

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Берілген уақыт

Пәні: Информатика

Мерзімі: 14.03.2014 жыл

Сыныбы: 8«Ж»

Сабақтың тақырыбы:

3. Графикалық объектілерді және көркем жазуды кірістіру

Сабақтың реті:

3-сабақ

Жалпы сабақтың мақсаты:

Графикалық обьектілерді және көркем жазуларды кірістіреді, суреттер мен жазулырды пішімдейді

Күтілетін оқу нәтижелері:


Оқушылар мәтіндік процессорда графикамен жұмыс жасауды үйренеді;

  • обьектілерді көбейтеді;

  • ғаламтордан обьектілерді

  • көркем жазуды кірістіреді;

  • обектілер мен жазуларды пішімдейді,

шығармашылықпен жұмыс жасай алады.

Түйінді идеялар:

Мәтіндік процессорда көркем жазуды, фотоаппаратты, телефонды, видеокамераны пайдалана отырып, графикалық объектілермен жұмыс жасауды меңгереді.

Сабақтың типі:


Сабақты ұйымдастыру түрі:

Тренинг-тәжірибе

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:

«Сәлемдесу», «Шашу» әдісі, «Бас бармақ», «Шар ішіндегі сұрақ», «Қар үйіндісі», «Өрмекші торы», «Түртіп ал», «Күту» ағашы.

Жұмыс түрлері:

Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер:

Интерактивті тақта, ғаламтор, слайд, ақ парақшалар, маркерлер, стикерлер, компьютер

І Қызығушылығын оятукезеңі:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

2 мин

1-әрекет . «Сәлемдесу», «Екі өтірік бір шын» әдісімен сергіту жаттығуын жасату


Оқушылар ойларынан екі өтірік, бір шын оқиға айтады, оны топтағы оқушылар табады.


1 мин

2-әрекет . Түрлі конфеттерден «Шашу» шашу арқылы топқа бөлу.


Оқушылар топқа бөлініп, жаңа топ құрады

2 мин

3 – әрекет. Ұжымдық жұмыс.

«Күту ағашы» әдісі арқылы оқушылардан сабақтан не күтетіндерін анықтау.

Оқушылар күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндерін стикерге жазып іледі.

5 мин

4-әрекет. «Шар ішіндегі сұрақ» әдісімен үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар әр топта үрленген шардың ішіндегі сұрақты топта талқылап, жариялайды. Басқа топтар толықтырады

1 мин

5-әрекет . Жауаптар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады

Топтар бір – бірінің жауабына бас бармақтарын көрсету әдісі арқылы бағалады.

3 мин

6-әрекет. Топтық жұмыс: «Қар үйіндісі» әдісін пайдалану арқылы топта ребус шешу тапсырылады


Әр топқа дайын ребустар таратылады, сол ребусты шешеді және ребуста қолданылған суреттер жайлы жұптасып шағын әңгіме жазады.

1 мин

7-әрекет . «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Оқушылар әр топтың жұмыстарын бас бармақтарын көрсету арқылы бағалайды.


ІІ Мағынаны тану кезеңі:

10 мин

8-әрекет . Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы обьектілерді пайдаланудың жолдары көрсетіледі

Оқушылар WORD-та объектілермен жұмыс жасауға болатындығын түсінеді.

Әр оқушы кітапты оқиды, жұптасып объектілерді калай кою керек, калай көбейту керек, үлкейту, кішірейту, безендіру әдістерін талқылайды, түсіндіреді



ІІІ. Ой толғаукезеңі


9-әрекет . «Тапсырмаға толы қораптан» тапсырма беру

Оқушылар қорапттан өздеріне ребустар таңдап алады.

5 мин

10-әрекет. Топтық жұмыс:

Оқушыларға ребуспен жұмыс жасату, ребуста қандай сөз жасырылғанын анықтату.

Оқушылар топта таңдап алған реустарды шешеді, қандай сөз жасырылғанын анықтайды.


1 мин

11-әрекет . «Өрмекші торы» әдісімен жариялау

Компьютерлік желіні немесе электрондық почтаны немесе агента арқылы оқушылар өз жұмыстарын интербелсенді тақтадан көрсетеді

2 мин

12-әрекет . Дайын критерийлер арқылы бағалату

Оқушылар алдын аладайындалған критерийлар арқылы жұмысты бағалайды


13-әрекет . «Түртіп ал» әдісі бойынша үйге тапсырма

Оқушыларға өздерінің суреттерін пайдалана отырып ашық хат немесе туылған күндеріне шақыру билеттерін жасау тапсырылады


14-әрекет. Мұғалім баға қояды.


Барлық бағалаулар ескеріледі

2 мин

15-әрекет. Жеке жұмыс:

«Күту ағашы» әдісі бойынша кері байланыс жасату


Оқушылар күтілетін нәтижеге ойларын анық жеткізеді, бірін-бірі бағалай алады.

Оқушылар әдіс негізінде сабақта алған әсері мен ұсыныстарын стикер арқылы жабыстырып кері байланыс жасайды


Мұғалім

Байбалақова Зейнегүл Қырғызбайқызы


Тренер

Есентаева Айжан Идирисовна