Бастау тірек мектебінің есебі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






































Жай мұғалім – хабарлайды,

Жақсы мұғалім – түсіндіреді.

Керемет мұғалім – көрсетеді,

Ұлы мұғалім – шабыттандырады.

Уильям Уорд


Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып, үнемі бірге өзгеріп отырады. Қай кезеңде де жалпы білімнің атқаратын қызметі – жас ұрпақтың танымдық дүниесін байытып, дамуын қамтамасыз ету. Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті- жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ел болашағы- білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – ұстаздар қауымына ортақ іс. Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер” Ж. Аймауытов айтқандай қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық.

Ұстаздарымыз әріптестермен желілік байланыста WhatsAff , wk, instagram аккаунттары арқылы да байланыс жасайды. Педагогикалық шеберлік орталығының порталына (www.cpm.kz) материалдар салып, тәжірибе алмасу мақсатында басқа да әріптестермен ой бөлісуде.

Ақтоғай «БАСТАУ» тірек мектебіне қарасты Таңдай, Чкалов, Еңбекшіл, Есбол, Қарашаұлы, Қосарал, Жалғансай, Ақтоғай орта мектептері бірлесіп ынтымақтастықта жұмыстар жасауда. Жасыратыны жоқ бас кезінде жұмыс мардымды жүрмеді. Қазір мұғалімдерінің көзқарасы, оқыту үдерісіне деген өзгеріс керектігін мойындау дегендер өткен жылға қарағанда кәдімгідей сезіліп жатыр. Мектеп мұғалімдерінің сұранысына қарай тәлімгерлік сабақтар жоспардан тыс та жүріп жатады. Мектептегі кәсіби қауымдастық мүшелері ауданның көшбасшы мұғалімдерімен байланысқа шығуды, тәжірибе алмасу, т.с.с жүзеге асыруды жоспарлы түрде жүзеге асырып жүр. Мектеп мұғалімдері өз сабақтарында көрген, естігендерінің бірсыпырасын пайдаланып, табысты оқытуға ұмтылып жатқандары қуантады.

Ақтоғай орта мектебінде 4 – бірінші деңгей, 2 –екінші деңгей, 6 –үшінші деңгей мұғалімдері жұмыстарын жаңа форматта жүргізуде.

Кембридж бағдарламасының І деңгей бағдарламасының мақсаты ІІ және ІІІ деңгей бағдарламасының курсынан өткен мұғалімдерді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға тарту болатын. Алдағы мақсатты жүзеге асыруда көшбасшы ретінде мектебіміздегі үшінші деңгей бағдарламасын оқып келген мұғалімдер арқылы және бұл курстан өтпеген мұғалімдерді жеті модуль әдістерін сабақтарға енгізу тиімділігін үйретіп, оқу үдерісінде пайдаланатын стратегияларды кіріктіре қолданудың үлгісін көрсету жоспарланды. «Lesson Study » тәсілінің оқушының пәнге деген қызығушылығын, ынтасын, сапасын арттырудағы маңыздылығын анықтау мақсатында зерттеу сабақтарын өткізу туралы тәлімгерлік жасау бағытында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады. Lesson study де ең бастысы "сабақты зерттеу" немесе "сабақты зерделеу" үрдісі болып табылады. Бұл үдеріс барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson study үрдісін өткізуде фокус топ мүшелері кеңесіп сыныптарға зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.

Осы орайда оқушылармен байланысты нығайта отырып, түрлендірілген сабақтар, түрлі танымдық кештер апталықта жоспар бойынша өткізілуде.

Қожырақова Дария 22 жыл еңбек өтілі бар, жоғары санатты мұғалім биологиядан дәріс береді. [pic]

Биыл Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде ұйымдастырылған «Қазіргі мектепте ғылыми жобаларды қалыптастырудың биологиялық аспектілері» атты семинарына қатыстым. Семинарда республиканың әр түкпірінен келген биолог мұғалімдер университет мұғалімдерінен дәріс алып, өзара пікір алмастық. Ғылыми жобалар тақырыбын таңдау, зерттеу жұмыстары туралы өз көзқарастарымызды білдірдік. Сонымен қатар зертханалық жұмыстар жүргізілді. Семинар барысында университет ғалымдарымен желілік байланыс арқылы зерттеу жұмыстарын жасау ұсынылды. [pic]

Бірлескен оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады. Осы мақсатта аудан, облыс көлемінде семинарларға қатысып коучинг, шебер сынып, ашық сабақтар өткіздім. Аудандық «Жаңа білім мазмұны тың идея мен тәлімді тәжірибені қажет етеді» атты аудандық семинарда «Жаңа формация мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында коучинг өткіздім. Мақсаты: Пән мұғалімдерінің ынтымақтастық пен бірлескен оқыту дағдыларын қалыптастыру. [pic] [pic]

Мұғалімдердің өзара қарым-қатынас құру , басқаларды тыңдау, қолдау, өзін-өзі таныту және бақылау дағдыларын дамыту

Коучингке аудандағы биология пәнінің мұғалімдері қатысты. Шараны өткізу жоспары бойынша алдымен мұғалімдерді шаттық шеңберіне шақырып танысу сәті ұйымдастырылды. Әр мұғалім өз есімдерінің алдына сын есім қосып айту тапсырылды .Мысалы: Дарынды Дана, Ажарлы Айнұр т.б. Мұғалімдерді топқа бөлу үшін «Мінсіз мұғалім қандай болу керек?»деген сұрақ қою арқылы мұғалімге сипаттама берілді. Мысалы ақылды, шығармашыл, іскер, білімді т.б. Осы айтылған сипаттамалар бойынша үш нұсқа алу ұсынылды. Мұғалімдер білімді, іскер, жаңашыл деген сөздерді таңдады. Топқа бөлу үшін мұғалімдер кезекпен 1,2,3 санын айтып 1 санын айтқандар 1-топ «білімді», 2 санын атағандар 2-топ «іскер», 3 саны бойынша 3-топ «жаңашыл» деген нұсқалар бойынша бөлініп отырғызылды. Коучинг барысында мұғалімдерге арнайы «ХХІ ғасырда сіз мені қалай оқытасыз?» видеоролигі көрсетілді. Мұғалімдер видеороликтен түйген ойларын ортаға салып, яғни ХХІ ғасырда оқу мен оқытудағы АКТ-ның маңызын және бірлесе ынтымақтаса жұмыс жасаудың қажеттілігін айтып өтті. «Білімді» тобының көшбасшысы Майра өзінің ойын ашық ортаға салып, постер қорғауда ерекшелігімен көзге түсті. Одан соң «Жақсы мұғалім» бейнесін сипаттау үшін топтық жұмыс тапсырылды. Постерге мұғалімнің суретін салу ұсынылды, топ мүшелері «жақсы мұғалім» бейнесін сипаттап жазып суреттер арқылы бейнеледі. Әр топ көшбасшысы шығып постерді қорғады.Бұл тапсырманы орындау барысында мұғалімдердің ұйымшылдығы, ойларын еркін жеткізе білуі байқалды. Тапсырманы орындау кезінде әр мұғалім өз ойын ашық білдіріп топпен бірігіп бір келісімге келе білді. «Мінсіз оқушы» тұлғасын қалыптастыру тапсырмасы бойынша жұптық жұмыс орындалды. Берілген кестеге сөздерді маңыздылығы бойынша жоғарыдан төмен қарай орналастыру тапсырылды. Топ мүшелерінің жұмысынан байқағаным барлығы алдымен «жақсы тәрбиеленген» деген сөзді бірінші кезекке қойыпты. Себебін сұрағанымда ол біздің ұлттық менталитетімізге байланысты тәрбие бірінші жолға қойылатындығын айтты. Келесі тапсырма бойынша 1-топқа «Мұғалім ұстанымы», 2- топқа «Тиімді оқыту», 3-топқа «Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім» тақырыбында мәтін берілді.Топ мүшелері мәтіннен түйген ойларын қорытындылап постерге жазып қорғады. Постер қорғау кезінде мұғалімдердің ұшқыр ойлы, жаңалыққа құмар, шығармашылдық қасиеттері байқалды, әрі өз әріптестері арасында қолдау таба білді. Топпен жұмыс аяқталған соң сергіту сәті өткізілді. Сергіту сәті мұғалімдерге жағымды эмоция қалыптастырды. Коучингті қорытындылау мақсатында арнайы презентация көрсетілді. Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз?   Себебі - сіз алғашқыда мұғалімдікке неліктен келген болсаңыз, сол себепті өзгересіз. Сіздің табыс көзіңіз ешқашан жай жұмыс болған емес – көбіне ол миссия, міндет, сондықтан сіз өзгересіз. Сіз балаларға жаныңыз ашиды, әрі ол білім мен дағдыларды меңгергенше дейін сіз оларды балаларға бере алмайсыз, сондықтан сіз өзгересіз. (үлестірме материалдан үзінді). [pic]

ХХІ ғасыр талаптары: білім, ақпараттық сауаттылық, үнемі ізденіс, жаңалыққа ұмтылу, өз пікірін жеткізе білу қажеттілігі айтылды. Сонымен ,қорытындылай келе жаңа формация мұғалімі дегеніміз- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға екендігі айтылды.

Коучингтен алған әсерлері мен пікірлерін білу мақсатында мұғалімдермен кері байланыс жүргізілді. Мұғалімдер арнайы стикерлерге рефлексия жазып тапсырды. Кері байланыста мұғалімдер коучингтін өткізілу барысы ұнағанын және болашақта осындай шараларды жиі ұйымдастыруға тілек білдірді.

Республикалық қашықтық олимпиадасына әр оқу жылында өзіммен қатар оқушыларда қатысып жүлделі орынға ие болып жүр. Биыл өзім сертификатқа ие болдым. Оқушыларымнан 6 сынып оқушылары Жанекешов Қамбар, Салеш Сая үздік жетістік көрсетіп сертификат алса, Рафхат Жансерік ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Көшбасшы ретінде мұғалімдердің өз қабілеттерін дамытуына, қалыптастыруына,білімі мен мектеп ішіндегі әлеуетін жетілдіруге арналған жобаларды басқаруға және жүргізуге көмектесу арқылы нәтижеге жетеміз.

Омарова Жадыра ІІІ- деңгейлі орыс тілі пәні мұғалімі. Жыл бойы сабақтарын және сыныптан тыс шараларды 7 модуль арқылы өкізіп келеді. Балалардың сабақта белсенділігі жаксы, қызығушылығы артып келеді. 6,9 сыныптарға тізбектелген сабақтар да өткізді.

Қыркүйек айында тілдер апталығында «Двуязычие – два крыла» тақырыбында

5 сынып ер балалары мен6 сынып қыз балаларының арасында сыныптан тыс сайыс өтті.

Осы жылы бірнеше аудандық, облыстық семинарларға да қатысты. 7 сәуір - Атырау қаласындағы № 31 мектеп-гимназияда өткен «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбындағы қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер мұғалімдерінің семинарына қатынасын еңбегі жинаққа жарияланды.

8 сәуір – Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Панфилов атындағы орталау мектебінде «Шағын жинақты мектептерінде мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін кеңінен насихаттауда әдістемелік-тәжірибелік көмектер ұйымдастыру» тақырыбындағы семинарына, 11 сәуір – Ақтоғай орта мектебінде, яғни өзімнің мектебімде өткен «Аудио, видео мен мультимедиялық құралдарды қолдану» тақырыбында мектебімізде өткен аудандық семинарда 5 сыныпта «Мишкина каша» тақырыбында ашық сабағын өткізіп, алғыс хатпен марапатталды. Бұл сабақта оқушылар жақсы белсенділік көрсетті. Сабақ жақсы деңгейде өтті. Оқушылар өз ойларын ашық жеткізіп, барынша орысша сөйлеуге тырысты. Диалог көрініп, ашық сұрақтар қойылды, сын тұрғысынан ойлануына тапсырмалар беруге жұмыстанды. Сабақтарымда үнемі диалогтік оқытуға үлкен мән беріп, мысалы әр топ ішінде бір-біріне сұрақтар қою, сөйлемді аяқтау, талдау, талқылау т.б тапсырмаларды қолданып жүр.

22 сәуір – Атырау қаласындағы «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен «Формирование языковой личности в условиях межкультурной коммуникации» тақырыбындағы семинарда тренинг өткізіп, сертификат алып қайттым.

Аудандық олимпиададан 6 сынып оқушысы Сәлеш Сая алғыс хатпен марапатталса, аудандық ғылыми жобадан 4 сынып оқушысы Жомарт Диас та алғыс хатпен марапатталды.

Бұдан өзге білім жетілдіру курстарында білімімді толықтырдым.

««Lesson study» тәсілін оқыту үдерісінде пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында курс.

«Развитие функциональной грамотности чтения учащихся в рамках проведения международного исследования PISA»тақырыбындағы курстан өтті.


Идрисова Баян- аудандық дінтану негіздері факультатив курсы бойынша «Ең үздік сабақ- 2014» байқауында І орын,аудандық «Елбасы Жолдауы ұлтты ұйыстыратын, бірлікті ұлықтайтын – тарихи құжат» тақырыбындағы шараға қатынасып Бас жүлде, облыстан «Алғыс хат» алды. Аудандық пәндік олимпиададан құқық пәні бойынша10 сынып оқушысы Жұмашев Алмас ІІІ орын иеленді. 12-18 қазан аралығында «Тарих.Уақыт.Тағылым» тақырыбында тарих-құқық апталығы өтті. Апталықтың жоспары жасақталып, жоспар бойынша берілген тәрбие шаралары өткізілді. Апталық құжаттары жинақталып, бірлестік

жетекшісіне тапсырылды.

Мектептердің желілік қоғaмдacтықтaры үздікcіз бірлеcкен жұмыcтaр мен бірлеcкен зерттеулер aрқылы ереcектерге толыққaнды және келешегі зор білім aлуғa мүмкіндік береді. Осы бағытта мектебімізде жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру мақсатында «Жаңа формация мұғалімінің кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Семинардың мақсаты: -Мұғалімінің «кәсіби құзыреттілігі» қандай қасиеттерден тұрады, бүгінгі күн талабына сай педагог қандай болу керек;

- жас мамандардың өздігінен үздіксіз білім алуын қалыптастыру;

- оқушыларды тәрбиелеуде, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана білуін

қалыптастыру

Семинарға ауданның әр мектебінен жас мұғалімдер қатынасып, Ақтоғай орта мектебінің ұстаздарының өткізген сабақтарына т.б іс-шараларына қатынасып өз ойларын ортаға салды.

Семинарда 1-сыныпта өткізілген Сұлтанғалиева Тамараның «Наурыз тойы».

Жас маманның алғашқы қадамы бөлімі бойынша мектебіміздің қазақ тілі мен ідебиеті пәні мұғалімі Мұхтарова Гауһардың 8-сыныптағы «Асылдың бірі – адалдық» тақырыбындағы сабағы сыныпта бірқалыпты атмосфераны құруына және оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруына әсер еткен тартымды сабақ болды. [pic]

«Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығында Үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған мұғалімдер үшін «Жаңа серпін, ортақ ізденіс, тиімді нәтиже» тақырыбындағы облыстық он-лайн инновациялық форумға орта мерзімді жоспарлау тақырыбы бойынша қатынасып, сертификатпен марапатталды.

Шолахова Орынша «Бұлақ көрсең, көзін аш...» атты коучингті жас мұғалімдерінің арасында өткізді. [pic]

Орынша 2014 жылы 24-25 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінде Шағын жинақты мектеп директорлары мен мұғалімдерінің «Мәңгілік елге- ақпараттық мектеп-шығармашыл педагог бәсекелестекке қабілетті оқушы» І Республикалық слетінде Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Алматы қаласы филиалының аға менеджері, тренер, п.ғ.к. Асима Даулетбековна Рысқұлбекованың «Педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жолдары» атты авторлық семинарына қатысып келіп, әріптестермен ой бөлісті.

2015 жылғы 6 ақпандағы облыстық Үздік мультимедиялық таныстырылымдар» байқауына «Ауа температурасы және температураның температураның тәуліктік, айлық, жылдық өзгерісі» өзінің бір сабағын презентациялап ұсынды.

«Бастау» тірек мектебінің модероторы Қожырақова Зарифаның ұйымдастыруымен ''Желілік қауымдастық-педагогтердің кәсіби шеберліктерін көтерудің тиімді жолы " тақырыбында өткен семинарда тірек мектебіне қарасты сегіз мектептің арасында семинар болды.

Бұл аудандық семинардың басты мақсаты - деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің іс-тәжірибесін ортаға салу қабілетті мұғалімдерді желілік қоғамдастыққа тарта отырып, көшбасшылыққа қабілеттерін ашу.

Семинарды мектеп директоры Б.Тасқалиева мұғалімдерге сәттілік тілеп, семинарды ашса, аудандық бастауыш мектеп мұғалімдерінің әдіскері Сара Саресқызы өткелі отырған семинардың мақсаты мен міндеттерін таныстырып өтті. Және де осы семинарға облыстық педагогикалық орталығының аға менеджері Есбосынов Наурызбек қатынасып, желілік қауымдастықтың педагогтар үшін тиімді жолдарына, облыс көлемінде атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Семинар бағдарламада белгіленген жоспар бойынша жүйелі өткізіліп, өткізілген шаралар, ашық сабақтар жан-жақты талданды. Үшінші деңгейлі ағылшын тілі мәні мұғалімі Ф.Шелтенова «Бізді қоршаған әлем» тақырыбында 7-сыныпта ашық сабақ өткіздім. «Алғыс хатқа» ие болды. Сабағын блум таксономиясы бойынша құрды. Сабақта электронды оқулықты пайдаланды. Сабағы аңдар туралы болды. Сабақ барысыда сынып оқушыларының жас ерекшелігіне орай тапсырмалар беріліп, отырды. СТО стратегиясының әдіс-тәсілдерін пайдаланды. Бұрын сабақтарында әдіс-тәсілдерді жиі қолданып жүргендіктен, оқушылар сабаққа өте жақсы қатысты. Топтық жұмыс қалыптасқан олардың бірігіп жұмыс жасауы күн санап артып келеді. Тапсырманың орындалуына орай оқушыларды топ басшылары бағалап отырды. «Бір айналым әңгіме» әдісі бойынша оқушыларға сабақты бекіту мақсатында сұрақтар қойылды, олар осы сұрақтарға сыни ойлау арқылы жауап берді. Сабақ соңында қорытынды баға қойылып, үй тапсырмасы берілді. Сабақ өз мақсатына жетті.

Үшінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі А.Түйешиева 2-сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сын есім» тақырыбына сабақ өткізді. Сабағын Блум таксономиясы бойынша құрды. Сабақта «Ортадағы қаламсап» әдісі арқылы өткен сабақтарға шолу жасап өтті. Оқулықпен жұмыста «Мүйізтұмсық» тақырыбынан сын есімдерді тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтатты.

Қолдау бөлімінде төрт топқа төрт сөз беріп, сол сөздерді топтастырып топтық жұмыс жасады. Келесі тапсырмаға нан,алма,аққу,ағаш сөздері бойынша «Бес жол өлең» құрастырды. Талдау әдісінде сурет бойынша диалог құрастырып жұптық жұмыс жүрді. Сабақ соңында жинақтай келе семантикалық карта бойынша білімдерін тексеріп, топ жетекшісі слайдтағы жауаптары бойынша бағалады. Бұл сыни тұрғыдан ойлау оқушылар үшін тиімді әдіс болып табылады. Сабақ соңында оқушыларды критериалды бағалау арқылы бағалады.

Есбол орта мектебінің үшінші деңгейлі математика пәні мұғалімі Ж.Сұлтанғалиеваның сабағы да сәтті шықты. Сабақ барысында бірнеше әдіс – тәсілдерді қолданып, соның ішінде 6 қалпақ әдісі өте сәтті шықты.

Талдыкөл мектеп-балабақша кешенінің орыс тілі пәні мұғалімі Г.Аманғалиева және Қарашаұлы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Аменов Асылан ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерін ортаға салды.

Семинардың екінші кезеңінде Ақтоғай орта мектебінің жоғары санатты, бірінші (ілгері) деңгейлі география пәні мұғалімі, "Бастау"тірек мектебінің модероторы Зарифа Қырымқызы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Сөзінің соңында білім ұйымдарымен интернет желісі арқылы байланыста болып, жасаған жұмыстарын порталға жүктеп отыруларын және құрылған қауымдастыққа мүшелікке шақырды. 
Ақтоғай орта мектебінің бірінші деңгейлі математика пәні мұғалімі А.Ажікенова "Шебер сынып" өткізіп, қатысушыларға желілік қауымдастықтың мақсаты мен міндетін айқындау үшін, алдымен тапсырмалар орындатты. Өз тәжірибесінде атқарылып жатқан шараларға да тоқталып, қалай жүзеге асып жатқандығын айтып өтті. Шара басында қатысушы мұғалімдер өз орындарын «BLOB TREE» бетшесінің төменгі жағынан белгілесе, соңынан ортадан жоғары белгілегендерін айтып жатты.

Үшінші деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Т.Сұлтанғалиева тренинг өткізсе, екінші деңгейлі ағылшын тілі пәні мұғалімі Г. Сүндетова «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың тиімділігі» тақырыбы бойынша өткізген коучинг сәтті шықты.

Чкалов орта мектебінің бірінші деңгей мұғалімі Ж.Есениязова "Қазіргі ұстаз қандай болу керек?" деген тақырыпта воркшоп өткізіп, тамаша тәмсілмен ой бөлісті.

Бұл семинар - мұғалімдердің арасындағы әдістемелік байланысты орнатуда тигізер септігі мол, мазмұнды өткізілген семинар болды.

Семинар соңында іс-тәжірибелерін ортаға салған мұғалімдер аудандық әдістемелік кабинетінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Семинар бағдарламада белгіленген жоспар бойынша жүйелі өткізіліп, өткізілген шаралар, ашық сабақтар жан-жақты талданды.

Қожырақова Зарифа 2015 жылы 7 сәуірде Атырау қаласындағы № 31 мектеп-гимназияда өткен «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» тақырыбындағы семинарға «Сын тұрғысынан ойлауын дамытуда топтық жұмыстың ролі» тақырыбындағы баяндамамен қатынасын, еңбегі жинаққа енсе, 17 сәуірінде «География сабақтарындағы заманауи инфрақұрылым- оқушыларды әлеуметтендірудің басты шарты ретінде» тақырыбындағы облыстық семинарға «Ауа температурасы және температураның температураның тәуліктік, айлық, жылдық өзгерісі» ұсынып «Сертификатқа »ие болдым. Үздік мультимедиялық презентацияға да бір сабағымды презентациялап ұсынған болатын.

« Балаңызды жақсы білесіз бе?» деген тақырыпта 9-11 сынып ата-аналарымен тренниг өткізді. Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]

Отбасы, ұшқан жанұя-жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болу үшін мақсатта «Тілек шамы» треннигімен аяқтады.

2015 жылы 4-7 қараша аралығында Алматы қаласында өткен «географиядан олимпиадалар: оны дайындау және өткізу ерекшеліктері, географиялық білім беру жүйесіндегі орны» атты география пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу семинарына қатынасып сарамандық жұмыстардың орындалуына, ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын күшейтуге басты назар аударды.

2015 жылдың 18 желтоқсанында ПШО-ның ұйымдастыруымен (А. Сапарова, Н.Есбосынов) «Тиімді жоспарлауда мұғалімге көмек» тақырыбындағы қолдау көрсету мақсатында өткен облыстық семинарға қатынасып пікір алмасты.

2016 жылы 19-30 қыркүйек аралығында Алматы қаласында ҚР ББЖ ҚБАРИ базасында өткен «Білім беру сапасын басқару жүйесіндегі педагогикалық квалиметрия» тақырыбында өткен семинарға қатысып келіп, ұжымдастар арасында өз тәжірибесін бөлісті. [pic] [pic]

Чкалов атындағы орта мектебінде Кембридж бағдарламасының деңгейлік курсынан өткен 8 мұғалім бар. Көшбасшы мұғалімдер жұмысы жолға біртіндеп қойылып келеді. Мектепте 3 – I деңгей мұғалімі, 4 – III деңгей мұғалімі жұмыс жасауда. Оқу жылы басында жылдық жұмыс жоспарланды. Әр көшбасшы мұғалім өздеріне тәлім алушылар бекітіп, кәсіби қауымдастық құрып жұмыстарын жасап келеді. Апталық барысында 4 коучинг сабақ пен 3 ашық сабақ өткізіліп, апталыққа қатыс 137 мұғалімді құрап, апталық жоғары деңгейде өткендігін мектеп басшылығы тілге тиек етіп, алдағы уақытта да мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейінің өсуіне ықпал ететін осындай игі шаралар бола берсін деген өтініштерін білдірді. Апталық I деңгей мұғалімі Есениязова Жанат Какимқызының «Білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарттары» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен басталды. «Орта мерзімді жоспар. Қысқа мерзімді жоспар» тақырыбында I деңгей мұғалімі Аухатова Тойған өткізген коучинг сабақта мұғалімдер сабақ жоспарлауға машықтанып, оның тиімділігіне көздері жеткендерін айтты. III деңгей мұғалімдері, кәсіби қауымдастық мүшелері Садықова.Г мен Акбалина. С екі тілде «Сын тұрғысынан ойлау» тақырыбында тартымды коучинг сессия өткізді. Апталық аясында I деңгей мұғалімі Есениязова Жанат Какимқызы «Болымды, болымсыз етістік» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, сабаққа мұғалімдер жоғары деңгейде қатысты. Бұның өзі мектеп мұғалімдерінің үйренуге деген құлшынысын аңғартып, өзгерістің қажет екендігіне мойынұсыну емес пе? III деңгей мұғалімі, географ Багитова. Н «Көлдер» ашық сабағын тамаша өткізіп, ол да өз шеберлігін көрсетіп қана қоймай, мектеп мұғалімдеріне көп жаңалық ұсына алды. Чкалов атындағы орта мектебінің көшбасшы мұғалімдері аудандық шаралардан да тыс қалып жатқан жоқ. Деңгейлік курс бағытында ұйымдастырылып жатқан шараларға қатысып, өз біліктерімен бөлісіп жүрген I деңгей мұғалімі Есениязова Жанат Какимқызы «Білім беруде Кембридж тәсілдерін қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы I деңгей мұғалімдері мен мектеп директорларының семинарында мазмұнды баяндама жасағаны үшін «Алғыс хат» және аудандық «Жаңа модификацияланған кабинет мүмкіндіктерін пайдалану жолдары» тақырыбындағы семинарда шығармашылық шеберлігімен тағы да танылып «Алғыс хат» иеленді. Жаңа 2015 жылдың қаңтарында аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің семинарында «Сындарлы оқыту әдістерінің пәрменділігі» тақырыбында тренинг өткізгені үшін «Алғыс хат» алды. Алда да бұл жұмыстар өз жалғасын таба береді деп үлкен сеніммен айта аламын.

[pic] [pic] [pic] [pic]


Оқытуды жаңаша ұйымдастыру, түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын шығармашылық қабілеттерін арттырып қоймай, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді.

Оқушыларға сапалы білім беруде оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, әрі үнемі пайдалану ұстаздың негізгі мақсаты болып табылады.

«Бастау» қоғамдастығының мүшелері алдағы жұмысына мынадай міндеттер белгілейді:

- Оқушылармен ғылыми - шығармашылық бағытындағы жұмыстарды

жүйелі және нәтижелі жүргізу;


- Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;


- Оқу үрдісінде әдістемелік және дидактикалық материалдарды

жоспарлы түрде қолдана білу.