Қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


49 Бел негізгі мектебі









Ашық сабақ



Тақырыбы: Қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері







5 сынып























2015-2016 оқу жылы



5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Қорықтар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Қазақстан Республикасының қорықтары, ұлттық саябақтары мен табиғат ескерткіштері туралы жалпы мағлұмат бере отырып, олардың ерекшелігі, маңызы туралы экологиялық білім беру;
2. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық білімін, ой – өрісін арттыру, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаны, табиғатты аялауға, өсімдіктері мен жануарларын қорғауға, өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, үлестірмелер, бағалау парақшалары, слайдтар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтастыру, ойын.;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысын сұрау. Сұрақ қою арқылы

1. Тіршілік ортасы деген не ?

2. Бейімделу (адаптация) дегенді қалай түсінеміз ?

3. Табиғаттың адам үшін маңызы ?

ІІI. Жаңа сабақ.

1. Қорықтар

2. Ұлттық саябақтар

3. Табиғат ескерткіштері

Қазақстан Республикасының қорықтары:

  1. Ақсу Жабағалы қорығы    6. Марқакөл қорығы

  2. Наурызым қорығы             7.  Батыс Алтай қорығы

  3. Алматы қорығы                  8. Үстірт қорығы

  4. Барсакелмес қорығы          9. Алакөл қорығы

  5. Қорғалжын қорығы           10. Қаратау қорығы



Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жаңа түрі — табиғи резерваттар. Елімізде Ертіс өзенінің алқабындағы реликті қарағайлы ормандарды қорғау мақсатында 2003 жылы "Ертіс орманы" және "Семей орманы" деген табиғи резерваттар ұйымдастырылды. Табиғи резерваттарда қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. Табиғи резерваттарда, негізінен, биологиялық сан алуан түрлілікті сақтауға және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінедіМемлекеттiк ұлттық табиғи парк — ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бiрегей табиғи кешендерi мен объектiлерiнiң биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Ұлттық табиғи парктер мен қорықшалар



Атауы

Құрылған

Ауданы мың/га

Орналасқан жері

Ерекшелігі

Баянауыл ұлттық паркі

1977

50,7

Павлодар облысы, Баянауыл орман шаруашылығы

Биік жері – Ақбет тауы (1026м). Құстар – 54, балық – 8, өсімдік – 438 түрі бар. Мұнад қайталанбас жартас, шоқылар «Найзатас», «Жалмауыз кемпір», «Тас және Ат басы» т.б. қалыптасқан.

Іле Алатауы ұлттық паркі

1996

181,6

Іле Алатауының солтүстік беткейінен қаскелең асуына дейін

Ерекше ландшафты қорғау мақсатында құрылған.

Андар – 43, құстар – 138, балық – 8, өсімдік – 1282 түрі бар.

Қарқаралы ұлттық паркі

1998

90,3

Қарағанды облысының, Қарқаралы ауданында

Әйгілі «Шайтанкөл» орналасқан. Андар – 39, құстар – 55, балық – 11, өсімдік – 68 түрі бар.

Алтынемел табиғи ұлттық паркі

1996

212,1

Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов ауданында орналасқан

Аңдар – 6, құстар – 231, балық – 30, өсімдік – 1800 түрі бар.

Көкшетау паркі

1996

135,8

Ақмола облысы

Аңдар - 305, құстар – 223, балық – 22, өсімдік – 800 түрі бар.

Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.







Табиғат ескерткіштері

Табиғат ескерткіштері — көбіне тарихи-табиғи және ғылыми мәні зор жеке табиғат нысандарын ғана (өсімдіктердің, жануарлардың жеке түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және т.б.) қорғауды көздейді. Олардың ғылыми-танымдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде республикалық мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", "Шынтүрген шыршалары" (Алматы облысында) "Баум тоғайы" (Алматы қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар.

Табиғат ескерткіштері деп сирек, құрып бара жатқан, желдің, судың әрекетінен мүжіліп, бұзылып жатқан ғылыми, тарихи және мәдени жағынан құнды табиғат обьектілерін айтады.

 Табиғат ескерткіштерін қорғау – бұл жанды табиғатқа тән затты қорғау деген сөз. Табиғат ескерткіштері дүние жүзінің көптеген елдерінде бар. Қазақстанда қазір 24 табиғат ескерткіші бар. Олардың ішіндегі аса маңыздыларына "Жетісу маржаны", "Шың түрген" шыршасы, Павлодардағы "Жыл құстары" табиғат ескерткіштерін жатқызуға болады. Ұлттық табиғи саябақтар

Суреттер сөйлейді.(Слайдта суреттер беріледі, кайда кездесетінін, ерекшелігін айтып өтеді.)

р\с

Сенесің бе? Сенбейсіңбе?

Иә

 Жоқ

 1.

Қорғалжың қорығы ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше қорғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде алынғанына

    +

 

 2.

Батыс Алтай қорығының 1995ж құрылғанына

 

     ---

 3.

Ақсу –Жабағылы қорығында қабан, ақ тырнақты аю бар екендігіне

   +

 

4.

Республика аймағында ұйымдастырылған 11қорық бар екендігіне

 

---

5.

Марқакөл қорығы Алтай тауында орналасқандығына

   +

 












Кестені толтыру:

Қорықтың аты,

ашылған жылы

Орналасқан жері

Ұйымдастыру

мақсаты

Өсімдігі мен жануарлары













        

«Бірін-бірі оқыту». Топтық жұмыс.

 Шарты: топта                       Сәйкестендіру

1.Баянауыл                                                        Шайтанкөл                  

2. Іле Алатауы                                         Ақмола облысы

3.Қарқаралы                                            алғашқы саябақ

4.Алтынемел                                            ауданы-199,7мың.га

5.Көкшетау                                                        Алматы облысы

рға тақырыпшаларды бөліп беру арқылы бірін-бірі оқыту.

 І топ: Батыс Қазақстан: Үстірт, Барсакелмес қорығы

Солтүстік Қазақстан: Наурызым, Қорғалжын

ІІ топ: Шығыс Қазақстан: Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл

Таулы аймақ қорықтары: Ақсу-Жабағалы, Алматы қорығы, Қаратау қорығы

Тапсырма.

Қазақстан қорықтарына логотип құрастыру

Қорытынды 

Ой қозғау (түрткі тастау)

  • Қорық дегеніміз не?

  • Қорықтар қандай мақсатта ұйымдастырылады?

Үйге тапсырма: Бүгінгі тақырыптан үйренгенім деген тұжырымдар бойынша шағын эссе жаздыру

Бағалау