Пользовательское соглашение

Уро по теме Физикалық теория. Физикалық шама 7 класс

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Пәні: физика

7 сынып


Сабақ тақырыбы:§6 Физикалық теорияның қалыптасуы. Физикалық шама. Шамаларды өлшеу.

Сабақ мақсаты: Физикалық теорияның негізгі қызметі, құрамдас бөліктері, физиканың іргелі теориялары, теорияның ең басты ерекшеліктері, физикалық шамалар және оларды өлшеу туралы түсінік алуға жағдай жасау.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Күтілетін нәтиже: Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру екендігін, физиканың 4 іргелі теориялары туралы жалпы мағлұматтар арқылы түсінігі қалыптасады.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

Берілетін сұрақтар:

  1. Табиғатты зерттеу әдістері қандай?

  2. Болжам дегеніміз не?

  3. Эксперименттің басқа әдістерден айырмашылығы қандай?

  4. Экспериментті жүргізуге қандай талаптар қойылады?

  5. Гук заңы қалай тұжырымдалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физикалық теорияның негізгі қызметі – құбылысты түсіндіру. Физикалық құбылыстарды бір-бірімен өзара байланыстыра отырып, жан-жақты түсіндіретін жүйелі білім физикалық теория деп аталады.

Физиканың 4 іргелі теориялары:

  • Классикалық механика теориясы;

  • Термодинамика және молекулалық физика теориясы;

  • Электродинамика теориясы;

  • Кванттық механика теориясы.

Физикалық шамалар деп физикалық нысандардың немесе құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамаларын айтады.

Физикалық шаманың мәні дегеніміз – оның сандық мәнімен қоса өлшем бірлігі.

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Құралдың бетіне түсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады.

[pic] [pic]

ІV. Практикалық тапсырмалар орындау және есептер шығару.

1-жаттығу.

1, №2, №3.

V.Пысықтау. ББҮ кестесі

VІ.. Үйге тапсырма: §6 1-ж. №4, №5, 4-тапсырма.

VІІ. Бағалау

Оқушылар көңіл күйлері анықталады





Сұрақтарға жауап беру











Электронды оқулық және оқулықтар арқылы оқушылар өз беттерінше жаңа тақырыптан өз беттерінше оқып шығады.




Екі оқушы түсінбегендерін сұрау арқылы және бір-біріне түсінік беру арқылы оқиды.























Соңында мұғалім жалпы түсінік беріп отырады.






1-жаттығу.

1, №2, №3. Тапсырмаларды орындау.


Кестемен жұмыс



Екі оқушы бірін-бірі бағалайды.








АКТ












АКТ, құралдар, оқулық






























ЭО







Оқулық, тақта




Үлестірме қағаз