Открытый урок на тему: А дыбысы және әрпі.

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Ашық сабақ «А» әрпі және дыбысы


Білім беру саласы:   Қатынас

Бөлімдері:             Сауаташужәнежазу

Тақырыбы:            А дыбысы мен әрпі

Мақсаты:          А дыбысыжәнеәрпіментаныстыру. А дыбысы бар сөзгедыбыстықталдаужасайбілугеүйрету. Қолжаттықтыру, дәптеріне А әрпініңбаспатүрінжазудыүйрету. А дыбысынсөздіңкезкелгенжерінен (сөзбасында, ортасында, аяғында) тауыпкөрсетебілугеүйрету. Дыбыстуралыұғымдымеңгерту, дауыстылыбыстыңерекшеліктерінескетүсіру. А дыбысыныңдауыстыдыбысболыпаталатынынжәне Адыбысынайтқандағыүнерекшелігінбайқатыпсалыстыру. Баланыңойлайбілужәнеөзіндікпікірайтуқабілетіндамыту.   Белсендіқызығушылығындамыту.            

 Әдіс-тәсілдер: ойын,сөздік, көрнекілік, сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: магнитті тақта, кеспе әріптер қалтасы, суреттер, текшелер, үлестірме материалдар, таяқшалар.

Сабақтың барысы: I. Мотивациялық қозғаушылық

Психологиялық дайындық - Сәлеметсіздермебалалар. Бүгінгісауаташусабағыөзгешеөткеліотыр, оғансебеп, бүгінбізгеқонаққа - Ата-аналарымыз, апайларкеліпотыр. Соларменамандасыпалайық.

Шаттық шеңбері

 Мынау аспан астында

Жақсы дос көп табылар

Мен де соның бірімін

Сыйлығымды қабыл ал

Алақандарындағы жылулықтарын бір-біріне үрлеу арқылы сыйлайды.

Өткенді қайталау

Ал балалар өткен сабақта қандай әріппен таныстық. Сол әріпке тезірек сөздер ойлап табамыз. ( теледидар, телефон, тәрелке,т.б.)

Ұйымдастыру-ізденістіру

Жаңа тақырып

Дыбыс дегеніміз не?

Мысалы маса ызындайды ззззз, жылан ысылдайды ссссс.Бұл естігеніміздің бәрі дыбыстар. Дыбыстарды біз айтамыз және естиміз.

Ал дыбыстар қандай болады? Дауысты және дауыссыз болады.

Дауысты дыбыстарды қызыл текшемен белгілейміз, ал дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Жарайсындар балалар.

   Олай болса бүгінгі танысатын әрпіміз А әрпі болмақ. Қане тақтаға қарайық, А әріпі қандай текшемен белгіленген? Қызыл текшемен. Ол қандай дыбыс? Дауысты дыбыс.А дыбысы қызыл үйге кіреді.

-А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі.

Ал суретке қарайық Аюдың тісі ауырып қалыпты Ол қалай ақырып отыр а-а-а-а-а деп. Дұрыс. Ал қайталап көрелік А-а-а деп айтадыбалалар бір-бірінің аузына қарап бақылайды.

Ал бұлар ненің суреттері- алма, алмұрт, ананас, ара, аю, ата, ат, арыстан, аққу, арба, т.б.

Ең алғашқы қандай дыбыстарды естіп отырмыз? Осы дыбыстыайтыпкөрелік? Олқалайайтылады? Ұзақ па, әлдеқысқама?

Ал енді бұл сөздерді буынға бөлейік.

Ал Алма суретіне назар аударайық. «Алма» сөзіне дыбыстық талдау жасайды Ал алма суретінде неше әріп бар. 4 әріп. Ал А әріпі неше рет кездеседі. 2 рет Алма сөзін буынға бөлу.

- Алма туралы не білеміз? Тірек –сызба арқылы талдау.

Ал балалар А әріпімен таныстық енді тапсырмалар орындаймыз.

Балалар шартты белгіге қарап тапсырмалар орындайды екі топқа бөлінеді.

1 топ- дыбыстық талдау жасайды

2-топ А әрпіне байланысты «алманы» мүсіндейді.

Қонырау соғылып екі топ ауысады.

Қоңырау соғылады тапсырмалар аяқталады. Балалар шеңберге тұрып сергіту сәтін орындайды.

Біз арамыз, арамыз,
Гүлге ұшып барамыз.
Аюмұндакелмесін,
Балымызды жемесін

Ал енді балалар жұмбақ жасырайық. Мұқият тыңдаймыз.

Арықта бар

Сезімде жоқ

Балықта бар

Теңізде жоқ. (А)


Күн нұрын шашқан асқардан,

Алатау алып тас қарға.

Бас қала аты-Астана

Қай әріптен басталған. (А)


Мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан.
Ата, апа сөздерін,
Қайсы әріптен бастаған?
(А )

Буынұйқас жаттайық

Ақ-ақ-ақ Аң-аң-аң

Секендейді лақ Аң патшасы арыстан


Ас-ас-ас Ақ-ақ-ақ

Қандай дәмді ананас Ағаштан түсті жапырақ


Дидактикалық ойын: Орнын тап

Алдымызда екі қорапша тұр А қорабы және Т қорабы Суреттерді өз қораптарына орналастырамыз. Екі топқа бөлінеді.

Сурет бойынша жұмыс. Сөйлем құрайықМысалы:

Мен алманы ? ( жедім, жинадым, жудым,тазаладым т.б.)

Аружан алманы? ( жинады, жеді, жуды т.б.)


Ойын: әріптердін арасынан А әріпін табу. (Көзімізге жаттығу)


Сурет бойынша тақпақ жаттау.

Ара-ара-аралар

Омартаны паналар

Гүлден-гүлге секіріп

Тығылып бал жинар.


Ал енді А әріпін алдымен ауада жазамыз. Содан кейін қолға қалам алып А әріпін бастырып жазамыз.

Ал енді балалар Жаңа сөз ойлаймыз А әріпіне байланысты сөздер айту.


Рефлексивті - түзетушілік
Қорыту Шляпа «Бану»