Төрт түлік Ашық оқу іс-әрекеті

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


8.04.2015ж 4-сынып



113. Тақырыбы: Түлік туралы сабақ. Асқар Тоқмағамбетов.

Мақсаты: Оқушыны Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» атты өлеңді түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, балаларды төрт түлік атауларымен таныстыру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Қамбар ата не жасады? Балалар қандай сөзге түсінбей қалды? («Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»). Бұл сөзді сен қалай түсінесің? Атаның қонағы кім болып шықты?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен көктемгі құстардың ұшып келіне қандай жұмыстар істедің? Өзің салған суретің бойынша не айтар едің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, төрт түлік туралы не білесің?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» атты өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп, түсініп оқу. оқулықпен жұмыс. Жалғастырып, түсініп оқу. әр шумақтан керекті өзегін табу. Сөздік жұмыс. Сөзуар – сөзшең. Болат пен Марат неге таласты? Оларға кім қосылды?

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Болаттың сұрағына сен қалай жауап берер едің?

Қойдың неше түрі бар?

Сиырдың неше түрі бар?

Жылқының неше түрі бар?

  1. Өлеңге және мына үлгіге сүйеніп, Болаттың сұрағына жауап жаз.

Қой атаулары: қой, қозы, тоқты, тұсақ, саулық; (ешкі – лақ, серке, теке).

Сиыр атаулары: бұзау, тайынша, торпақ, баспақ, дөнежін, құнажын).

Жылқы атаулары: (жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті).

ҮІІ. Қорыту: төрт түлік жайлы қандай мақал – мәтел, жұмбақтар білесің?

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (қой)

2.Иір-иір денесі, Сахараның кемесі.

Ащы шөптер – тамағы, Шөлге шыдап бағады. (түйе)

Мақал – мәтелдер: «Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.», «Тұяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер», «Тұлпар – ер қанаты», «Сиырлының үйі- айран, сиырсыздың үйі - сырдаң», «Нар жолында жүк қалмас» құнан,

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу. 2. Бағалау.



























Қазақ тілі 2-сынып 8.04.2015


98. Тақырыбы: Дара және күрделі сын есім ( 442-446-жаттығулар)

Мақсаты: Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата

білуге үйрету.Тілін сөздік қорларын дамыту.Байқампаздыққа,

ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқушылардың сын есім жайында алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу,сын есімнің дара және күрделі түрлерімен таныстыру, сөйлем ішінен дара және күрделі сын есімдерді табуға сұрақ қоюға, бір-бірінен ажырата білуге үйрету,

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арпттыру, ауыз екі тілін дамыту , сөздік қорларын молайту;

Өз тілін сүю, қастерлеуге баулу

Көрнекілігі: оқулық, суреттер бойынша

Әдісі: сөздік сөздер, Венн диаграммасы, ойындар

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

Психологиялық дайындық (Жақсылықты сіңіру, жамандықтан аулақ болу)

.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: (Сыңарын тап ойыны)

(терең-таяз, ыстық-суық, адал-арам, жұмсақ қатты, жуан –жіңікігке

Осы сөздерден сөйлем құрасстыру)

Жеке карточкалармен жұмыс

Тексеру бағалау

Жаңа тақырып. Сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау


Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

-мақалды оқу. Мағынсын түсіндіру.

Көшіріп жазу, Сын есімдерді табу. Сұрақ қою.

Сөздікпен жұмыс. Көк ала, Сары ала

Жазылуын мағынасын түсіндіру.

Мен көкала дәптер сатып алдым.

-Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдау.

Ереже құрастыру. ()кесте бойынша

Оқулықпен жұмыс. 1) 135 бет (оқу талдау)

  1. 446-жаттығу (жазбаша тақтада)

447-жаттығу.

Дара күрделі

Ұзын Қызғылт сары

Қысқа Қара сұр

Қызыл

Ақ

1—бағанға қандай сын есімдерді жаздық№ Неге?

ІҮ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу. а/ 439-жаттығу.Әңгімені оқу, етістіктерді қандай етістік екенін айту, әңгіменің мазмұнын айту. ә/ 438-жаттығу жұмбақты көшіріп жазу. Етістіктерді табу. б/ 440-жаттығу суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құр, сөйлем құра.(құйып жүр)

Ү. Бекіту:етістіктерді табу. 448-жаттығу салыстыр, түсіндір.

Оқыды –оқи бастады, оқып отыр, оқып болды.

ҮІ. Үйге тапсырма: 446-жаттығу « Сенбілік»,бағалау.



































8.04.2015 Әдебиеттік оқу 2-сынып.

111. Тақырыбы: Бала Мұхтар мен Абай. Тұрсын Жұртбай.

Мақсаты: Саналы түсініп оқу мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру, шығармадағы негізгі ойды таба білуге дағдыландыру,

Дамыта отырып, оқытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелі ойлау қабілетін сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.

Дана жазушының ұлылығы кемеңгерлігін дәріптеу оқушыларды өз елін туған жерін с.үюге тәрбиелеу

Әңгімені түсініп оқып, мазмұнын айта білуге дағдыландыру. Бала Мұхтар мен Абай туралы түсінік беру. Еңбекке , білімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мұхтар Абай туралы сөзжұмбақ тест сұрақтары Интер тақта суреттер

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Түрі: Дамытушылық сабақ

Сабақтың барасы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

Топтарға тапсырма

Мұхтар ауылының көктемгі көрінісін суреттейтін жолдарды тауып оқу

Жалпы сыныпқа сұрақ

  1. Мәтін неше бөлімнен тұрды

  2. Бөлімдерге қандай ат қойдыұ?

  3. 1-бөлім «Мұхтар ауылының көрінісі

  4. 2-бөлім: «Абай Ауылында

  5. Б) Ұлттық ойындарды ата

Сөзжұмбақ шешу

  1. Қазақтың ұлы күйшісі

  2. Қызыл жебе атанған бала

  3. Бала тұрар әңгімесінің авторы

  4. Әуез Мұхтардың кімі


Белгілі күйші

Ер жыраулы адам

Ақын жырау

Кіші жүздің руы

Абай әңгімесін оқимыз


Әңгімені топқа бөліп оқытамын. Мазмұнын әңгімелетемін


Сөздікпен жұмыс

Сыз дымқыл- ылғал су

Белдеу киіз- үйдің туырлығының сыртынан бастырылып байланатын арөқан

Мініс ат- мінетін ат

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Қоңыр қозы.Оқу, әңгімелеу.

ІІІ.Өткенді пысықтау:Бала Мұхтарды атасы неліктен Қоңыр қозы атады? Атасы Мұхтарды қайда апармақшы болды? Ол назарын не нәрсеге аударды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Бала Мұхтар мен Абай

Ү. Жаңа сабақ.а/ әңгімені оқуә/ талдау,б/ сөздік жұмыс Оқулықпен жұмыс Іштей оқу. Тізбектей оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру:сұрақтарға жауап алу. Абай неліктен бала Мұхтарға көңіл аударды? Тауып оқу

ҮІІ Бекіту. Мәтін кім туралы екен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау